Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Комсомольский ауылдық округінің Комсомольское ауылындағы «Кашин А.В. и К» қарапайым серіктестік түріндегі фермер шаруашылығы аумағында шектеу енгізе отырып ветеринариялық режимді белгілеу туралы
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, Тимирязев ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 4 наурыздағы № 15-12/45 «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Комсомольский ауылдық округінің Комсомольское ауылындағы «Кашин А.В. и К» қарапайым серіктестік түріндегі фермер шаруашылығы тиесілі учаскеде жылқылардың ринопневмониясы бойынша шектеу іс-шараларының ветеринариялық режимін белгілеу туралы» ұсынымының негізінде, округ әкімі ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Комсомольский ауылдық округінің Комсомольское ауылындағы «Кашин А.В. и К» қарапайым серіктестік түріндегі фермер шаруашылығы аумағында жылқылардың ринопневмония ауруының анықталуына байланысты шектеу енгізе отырып ветеринариялық режим белгіленсін.
2. Ошақты жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенін жүргізу кезінде шектеу енгізіле отырып ветеринариялық режим белгіленеді.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 4 наурыздан пайда болған қатынастарға таралады.
Ауылдық округтің әкімі
Т. Байдалин
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.