Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жығы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы бір апта мерзімде әділет органдарына қаулының қабылдануы туралы хабарласын.
3. Алматы қаласы әкімінің аппараты бір апта мерзімде осы қаулыны ресми баспа басылымдарында жариялау бойынша шаралар қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Әукеновке жүктелсін.
Алматы қаласының әкімі
Б. Байбек
Алматы қаласы әкімдігінің
2016 жылғы « 10 » ақпандағы
№ 1/48 қаулысына қосымша
Алматы қаласы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
1) «Алматы қаласында мал шаруашылығы саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 12 мамырдағы № 2/343 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1059 болып тіркелген, 2014 жылғы 14 маусымда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған);
2) «Алматы қаласында көрсетілетін мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 21 мамырдағы № 2/379 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1061 болып тіркелген, 2014 жылғы 30 маусымда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған);
3) «Алматы қаласында көрсетілетін «Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 4 тамыздағы № 3/646 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1081 болып тіркелген, 2014 жылғы 11 қыркүйекте «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған);
4) «Алматы қаласында өсімдік шаруашылығы және ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 4/962 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1112 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 қаңтарда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған);
5) «Алматы қаласында көрсетілетін мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» 2014 жылғы 21 мамырдағы № 2/379 қаулысына және «Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» 2014 жылғы 4 тамыздағы № 3/646 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 4/963 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1113 болып тіркелген, 2014 жылғы 30 желтоқсанда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған);
6) «Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 2/232 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1158 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 мамырда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған).
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.