V сайланған Качир аудандық мәслихатының 2015 жылғы 2 шілдедегі ХLV кезекті сессиясының «Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Качир ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы» № 4/45 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7-бабы 5-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. V сайланған Качир аудандық мәслихатының 2015 жылғы 2 шілдедегі ХLV кезекті сессиясының «Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Качир ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы» № 4/45 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4627 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 тамыздағы № 31 «Тереңкөл тынысы», 2015 жылғы 6 тамыздағы № 31 «Заря» газеттерінде жарияланған).
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының аппарат басшысына жүктелсін.
Сессия төрағасы
Е. Шаров
Качир аудандық мәслихатының хатшысы
С. Баяндинов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.