Баянауыл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы «Баянауыл ауданы әкімдігі атқарушы органдары "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы» № 127/5 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 8-бабы 3) тармақшасына сәйкес Баянауыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Баянауыл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы «Баянауыл ауданы әкімдігі атқарушы органдары "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы» № 127/5 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 4533 болып енгізілген, 2015 жылғы 10 шілдедегі № 28 (10679) «Баянтау» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Баянауыл ауданы әкімі аппаратының басшысы К.К.Абылгазинге жүктелсін.
Аудан әкімі
Н. Күлжан
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.