2009 жылғы 27 қаңтардағы № 1 "Есенкөл ауылдық округі елді мекендердің құрама бөліктеріне атауларын беру туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 28 қыркүйек 2016 ж.

    2009 жылғы 27 қаңтардағы № 1 «Есенкөл ауылдық округі елді мекендердің құрама бөліктеріне атауларын беру туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, Қостанай облыстық мәслихатының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 38 шешіміне және « Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы » бірлескен Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 4 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 19 шілдеде № 6547 болып тіркелген) сәйкес, Есенкөл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Есенкөл ауылдық округі елді мекендердің құрама бөліктеріне атауларын беру туралы» Есенкөл ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 27 қантардағы № 1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-12-96 тіркелген, 2009 жылғы 20 ақпанда «Айна» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің қосымшасында:

    2-тармақ алып тасталсын, 1-тармақ келесі мазмұнда 14), 15) тармақшалармен толықтырылсын:

    «14) Озерный көшесі;

    15) Целинный көшесі.».

    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Есенкөл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы

    А. Сағынбек

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.