Аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктерді жекешелендіру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37-баптарына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабына және «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысына сәйкес, Махамбет аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктер осы қаулының қосымшасына сәйкес жекешелендірілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Ж.Сейтқалиевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
А.Құттұмұрат-ұлы
Махамбет аудандық әкімдігінің
2016 жылғы 14 қыркүйектегі
№249 қаулысына қосымша
Жекешелендіруге жататын аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктердің Т І З Б Е С І
|
№
|
Мүліктің атауы
|
Шығарылған (салынған) жылы
|
Теңгерім ұстаушы
|
|
1
|
Автокөлік Уаз 22069-04, тіркеу нөмірі Е550ВD
|
2004
|
«Алмалы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі
|
|
2
|
Ғимарат
|
1981-2000
|
«Ақтоғай» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
|
|
3
|
Трактор ДТ-75, тіркеу нөмірі 09-10 ГЕ
|
1990
|
«Чкалов атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі
|
|
4
|
Трактор ЮМЗ-6л, тіркеу нөмірі 07-16 ГЕ
|
1982
|
«Чкалов атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі
|
|
5
|
Трактор МТЗ-80у, тіркеу нөмірі 15-67 ГЕ
|
1987
|
«Чкалов атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.