2016 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша субсидиялар алуға арналған тізіміне қосу үшін өтінімдерді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 20 қыркүйек 2016 ж.

    2016 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша субсидиялар алуға арналған тiзiмiне қосу үшін өтінімдерді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген, Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидасының 10-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11094 болып тіркелген) сәйкес Амангелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2016 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін тiзiмге қосу үшін ұсыну мерзімдері айқындалсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің экономика мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 5 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға таратылады.

    Аудан әкімі

    Н.Өтегенов

    Әкімдіктің 2016 жылғы

    20 қыркүйектегі № 200

    қаулысына қосымша

    2016 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тiзiмiне қосу үшін өтінімдерді ұсыну мерзімдері

    Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы
    Өтінімді үсыну мерзімі
    1
    Жаздық бидай
    Күздік бидай
    2016 жылғы 05 қыркүйектен
    12 қыркүйекке дейін
    2
    Арпа
    Сұлы
    Тары
    Қарақұмық
    2016 жылғы 05 қыркүйектен
    12 қыркүйекке дейін
    3
    Жаздық қатты бидай
    2016 жылғы 05 қыркүйектен
    12 қыркүйекке дейін
    4
    Бұршақ
    Аңқа
    Жасымық
    2016 жылғы 05 қыркүйектен
    12 қыркүйекке дейін
    5
    Күнбағыс
    2016 жылғы 05 қыркүйектен
    12 қыркүйекке дейін
    6
    Рапс
    2016 жылғы 05 қыркүйектен
    12 қыркүйекке дейін
    7
    Зығыр
    2016 жылғы 05 қыркүйектен
    12 қыркүйекке дейін
    8
    Мақсары
    2016 жылғы 05 қыркүйектен
    12 қыркүйекке дейін
    9
    Картоп
    2016 жылғы 05 қыркүйектен
    12 қыркүйекке дейін
    10
    Бақша дақылдары
    2016 жылғы 05 қыркүйектен
    12 қыркүйекке дейін
    11
    Көкөністер
    2016 жылғы 05 қыркүйектен
    12 қыркүйекке дейін
    12
    Сүрлемдік жүгері мен күнбағыс
    2016 жылғы 05 қыркүйектен
    12 қыркүйекке дейін
    13
    Сүрлемдік жүгері
    2016 жылғы 05 қыркүйектен
    12 қыркүйекке дейін
    14
    Жем шөптік дақылдар, оның ішінде бірінші, екінші және үшінші өсу жылдарындағы бұршақ тұқымдас көп жылдық шөптер.
    2016 жылғы 05 қыркүйектен
    12 қыркүйекке дейін
    15
    Шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шөп егіп жаңарту және (немесе түпкілікті жақсарту) үшін бірінші, екінші және үшінші жылдары өсіп жатқан көп жылдық шөптер
    2016 жылғы 05 қыркүйектен
    12 қыркүйекке дейін

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.