2009 жылғы 20 ақпандағы № 1 "Қарабалық ауылдық округі елді мекендердің құрама бөліктеріне атауларын беру туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 28 қыркүйек 2016 ж.

    2009 жылғы 20 ақпандағы № 1 «Қарабалық ауылдық округі елді мекендердің құрама бөліктеріне атауларын беру туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, Қостанай облыстық мәслихатының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 38 шешіміне және « Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы » бірлескен Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 4 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6547 болып тіркелген) сәйкес, Қарабалық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Қарабалық ауылдық округі елді мекендердің құрама бөліктеріне атауларын беру туралы» Қарабалық ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 20 ақпандағы № 1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-12-104 тіркелген, 2009 жылғы 11 маусымда «Айна» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің қосымшасында:

    4-тармақ алып тасталсын, 1-тармақ келесі мазмұнда 12), 13) тармақшалармен толықтырылсын:

    «12) Хуторская көшесі;

    13) Зеленая көшесі.».

    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    М. Велин

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.