2009 жылғы 28 қаңтардағы № 2 "Бөрлі ауылдық округі елді мекендердің құрама бөліктеріне атауларын беру туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 23 қыркүйек 2016 ж.

    2009 жылғы 28 қаңтардағы № 2 «Бөрлі ауылдық округі елді мекендердің құрама бөліктеріне атауларын беру туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, Қостанай облыстық мәслихатының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 38 шешіміне және « Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы » бірлескен Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 4 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 19 шілдеде № 6547 болып тіркелген) сәйкес, Бөрлі ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Бөрлі ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 28 қантардағы № 2 «Бөрлі ауылдық округі елді мекендердің құрама бөліктеріне атауларын беру туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-12-103 тіркелген, 2009 жылғы 5 наурызда «Айна» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің қосымшасында:

    2-тармақ алынып тасталсын, 3-тармақ келесі мазмұнда 5), 6) тармақшалармен толықтырылсын:

    «5) Целинная көшесі;

    6) Лесная көшесі.».

    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    А. Жиеналин

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.