2016 жылы басым ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша субсидиялар алуға арналған өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 3 қазан 2016 ж.

    2016 жылы басым ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша субсидиялар алуға арналған өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидасының 10-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11094 болып тіркелген) сәйкес, Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2016 жылы субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тізіміне қосу үшін өтінімді ұсыну мерзімдері айқындалсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің ауыл шаруашылық саласы жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 5 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға таратылады.

    Аудан әкімі

    А. Кенжегарин

    Әкімдіктің  2016 жылғы

    «3» қазандағы № 109

    қаулысына қосымша         

    2016 жылы субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тізіміне қосу үшін өтінімді ұсыну мерзімдері

    Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі
    Өтінімдерді ұсыну мерзімдері
    1
    Жаздық жұмсақ бидай
    Күздік бидай
    2016 жылғы 05 қыркүйектен бастап 09 қырқүйекке дейін
    2
    Арпа
    Сұлы
    Тары
    Қарақұмық
    2016 жылғы 05 қыркүйектен бастап 09 қыркүйекке дейін
    3
    Жаздық қатты бидай
    2016 жылғы 05 қыркүйектен бастап 09 қыркүйекке дейін
    4
    Бұршақ
    Нұт
    Жасымық
    2016 жылғы 05 қыркүйектен бастап 09 қыркүйекке дейін
    5
    Күнбағыс
    2016 жылғы 05 қыркүйектен бастап 09 қыркүйекке дейін
    6
    Рапс
    2016 жылғы 05 қыркүйектен бастап 09 қыркүйекке дейін
    7
    Зығыр
    2016 жылғы 05 қырқүйектен бастап 09 қырқүйекке дейін
    8
    Мақсары
    2016 жылғы 05 қыркүйектен бастап 09 қыркүйекке дейін
    9
    Картоп
    2016 жылғы 05 қыркүйектен бастап 09 қыркүйекке дейін
    10
    Бақша дақылдары
    2016 жылғы 05 қыркүйектен бастап 09 қыркүйекке дейін
    11
    Көкөністер
    2016 жылғы 05 қыркүйектен бастап 09 қыркүйекке дейін
    12
    Сүрлемдік жүгері мен күнбағыс
    2016 жылғы 05 қыркүйектен бастап 09 қыркүйекке дейін
    13
    Сүрлемдік жүгері
    2016 жылғы 05 қыркүйектен бастап 09 қыркүйекке дейін
    14
    Жем шөптік дақылдар, оның ішінде бірінші, екінші және үшінші өсу жылдарындағы бұршақ тұқымдас көп жылдық шөптер.
    2016 жылғы 05 қыркүйектен бастап 09 қыркүйекке дейін
    15
    Шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шөп егіп жаңарту және (немесе түпкілікті жақсарту) үшін бірінші, екінші және үшінші жылдары өсіп жатқан көп жылдық шөптер
    2016 жылғы 05 қыркүйектен бастап 09 қыркүйекке дейін

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.