Аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы №213 Заңының 40 бабы 2 тармағының 1) және 4) тармақшасына сәйкес, Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Аудандық мәслихатымен қабылданған келесі шешімдер күші жойылды деп танылсын:
1. «Уәлиханов ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» 2014 жылғы 6 ақпандағы № 2-20 с (2014 жылғы 3 наурыздағы № 2583 мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген және 2014 жылғы 7 наурыздағы №11 «Кызылту» газетінде жарияланған) шешімі;
2. «Уәлиханов ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» Уәлиханов аудандық мәслихатының 2014 жылғы ақпандағы № 2-20 с шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2014 жылғы 15 тамыздағы № 6-26 с (2014 жылғы 22 қыркүйектегі № 2943 мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген және 2014 жылғы 29 қыркүйектегі №44 «Кызылту» газетінде жарияланған) шешімі;
3. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы
__________ М. Балтабаев
Аудандық мәслихаттың хатшысы
____________ Б. Кәдіров
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.