Теміржол селолық округінің Қазыбек бек бекетіндегі көшені қайта атау туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 10 қазан 2016 ж.

    Теміржол селолық округінің Қазыбек бек бекетіндегі көшені қайта атау туралы

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Теміржол селолық округінің Қазыбек бек бекеті халқының пікірін ескере отырып және 2016 жылғы 16 қыркүйектегі Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қортындысы негізінде, Теміржол селолық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Теміржол селолық округінің Қазыбек бек бекетіндегі «Ленин» көшесі «Айтжан Көшербаев» көшесіне қайта аталсын.

    2. «Теміржол селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Амирова Венера Кенжетайқызына осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

    3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Әкім

    Қ. Баймолдаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.