"Субсидияланатын өсімдіктерді қорғау құралдарының түрлерінің тізбесі және 1 бірлікке (литрге, килограмға, грамға, данаға) арналған субсидиялардың шекті нормаларын бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 306 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    «Субсидияланатын өсімдіктерді қорғау құралдарының түрлерінің тізбесі және 1 бірлікке (литрге, килограмға, грамға, данаға) арналған субсидиялардың шекті нормаларын бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 306 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарутуралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 204 «Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өндеуге арналған гербицидтердін, биоагенттердін энтомофагтардың және биопрепараттардың құның субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13717 тіркелген бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Субсидияланатын өсімдіктерді қорғау құралдарының түрлерінің тізбесі және 1 бірлікке (литрге, килограмға, грамға, данаға) арналған субсидиялардың шекті нормаларын бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 306 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5021 тіркелген, 2016 жылғы 4-5 тамызда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

    Субсидияланатын өсімдіктерді қорғау құралдарының түрлерінің тізбесі және 1 бірлікке (литрге, килограмға, грамға, данаға) арналған субсидиялардың шекті нормалары:

    осы қаулының қосымшасына сәйкес 41, 42, 43 және 44 жолдарымен толықтырылсын.

    2. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М. С. Жұмағазиевке жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Ақтөбе облысының әкімі

    Б. Сапарбаев

    Ақтөбе облысы әкімдігінің

    2016 жылғы «13» қазандағы

    № 445 қаулысына қосымша

    41.
    Видмастер 480, сулы ерітінді (дикамба, 124 г/л + 2,4 Д, 357 г/л)
    литр
    50
    2 100
    42.
    Гроза 60%, эмульсия концентраты (2-этилгексил эфирі 2,4 дихлорфеноксиуксус Қышқылы 600 г/л
    литр
    50
    1 807
    43.
    Триумф, 48% сулы ерітінді (глифосат, 360 г/л)
    литр
    50
    1 500
    44.
    Фенизан, сулы ерітінді (дикамба, 360 г/л + хлорсульфурон 22,2 г/л)
    килограмм
    50
    4 680

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.