"Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау және төтенше жағдайды жою басшысын тағайындау туралы" Қызылорда облысы әкімінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 16 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 22 қыркүйек 2016 ж.

    «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау және төтенше жағдайды жою басшысын тағайындау туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 маусымдағы №16 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау және төтенше жағдайды жою басшысын тағайындау туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 маусымдағы №16 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5543 нөмірімен тіркелген, облыстық «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінде 2016 жылғы 25 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.

    3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қызылорда облысының әкімі

    Қ. Көшербаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.