"Қазалы ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы" Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 121 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазалы ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы" Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 121 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4465 тіркелген, "Тұран Қазалы" газетінде 2013 жылы 3 шілдеде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
АУДАН ӘКІМІ
|
Н. ШАМҰРАТОВ
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.