2016 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 21 қыркүйек 2016 ж.

    2016 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарына сәйкес, Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Меншік нысанына және ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдарда қызметкерлердің тізімдік санынан пайызбен көрсеткенде қосымшаға сәйкес мүгедектер үшін 2%-дан 4%-ға дейінгі көлемде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қанат Шұбайұлы Қожықаевқа жүктелсін.

    3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    Ғ. Омаров

    Жаңаарқа ауданы әкімдігінің

    2016 жылғы 21 қыркүйектегі

    №87/01 қаулысына

    қосымша

    Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізбесі

    Ұйымның атауы
    Қызметкерлердің тізімдік саны
    Квота көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)
    Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны
    1.
    Жа­ңа­ар­қа ауда­ны әкім­ді­гі­нің Жа­ңа­ар­қа ауда­ны­ның бі­лім бө­лі­мі­нің «О.Жұ­ма­бе­ков атын­да­ғы жал­пы ор­та бі­лім бе­ре­тін мек­те­бі ба­за­сын­да­ғы Ті­рек мек­те­бі (ре­сур­стық ор­та­лық)» ком­му­нал­дық мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
    131
    3
    1
    2.
    Жа­ңа­ар­қа ауда­ны әкім­ді­гі­нің Жа­ңа­ар­қа ауда­ны­ның бі­лім бө­лі­мі­нің «№132 жал­пы ор­та бі­лім бе­ре­тін мек­те­бі» ком­му­нал­дық мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
    136
    3
    1

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.