Тіркелген бірыңғай салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Тіркелген бірыңғай салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы

    «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 422-бабына сәйкес мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Қызметін Рудный қаласының әкімшілік аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген бірыңғай салық мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 4 мамырынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

    Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының төрағасы

    М. Мамонтова

    Қалалық мәслихаттың хатшысы

    В. Лощинин

    «Қазақстан Республикасының

    Қаржы министрлігі Мемлекеттік

    кірістер комитетінің Қостанай облысы

    Мемлекеттік кірістер департаментінің

    Рудный қаласы бойынша Мемлекеттік

    кірістер басқармасы» республикалық

    мемлекеттік мекемесі басшысының

    міндетін атқарушы

    _____________________С. Узакбаев

    Мәслихаттың

    2016 жылғы 27 қыркүйектегі

    № 52 шешіміне қосымша

    Қызметін Рудный қаласының әкімшілік аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген бірыңғай салық мөлшерлемелері

    р/с
    Салық салу объектісінің атауы
    Айына салық салу бірлігіне тіркелген салық (айлық есептік көрсеткіш) мөлшерлемесі
    1
    Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы
    1
    2
    Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
    1
    3
    Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер
    1
    4
    Ойын жолы
    5
    5
    Карт
    2
    6
    Бильярд үстелі
    3

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.