Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi агенттiгi Төрағасының 2000 жылғы 14 сәуiрдегi N 01/7 "Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызмет көрсететiн инвесторлармен келiсiм-шарт жасасқанда берiлетiн жеңiлдiктер мен преференцияларды беру процесiн жетiлдiру туралы" бұйрығына өзгерту енгiзу туралы

    Күші жойылғанМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi агенттiгi Төрағасының 2000 жылғы 14 сәуiрдегi N 01/7 "Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызмет көрсететiн инвесторлармен келiсiм-шарт жасасқанда берiлетiн жеңiлдiктер мен преференцияларды беру процесiн жетiлдiру туралы" бұйрығына өзгерту енгiзу туралы

    Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 5 сәуiрдегi N 3444 "Отандық және шетелдiк тiкелей инвестицияларды тарту үшiн Қазақстан Республикасында экономиканың басым секторларының тiзбесiн бекiту туралы" Жарлығының 1 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 6 наурыздағы N 349 Жарлығымен бекiтiлген экономиканың басым секторларында инвестициялық қызмет көрсететiн инвесторлармен келiсiм-шарт жасасқанда берiлетiн жеңiлдiктер мен преференцияларды беру Ережесiнiң 2 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi агенттiгi Төрағасының 2000 жылғы 14 сәуiрдегi N 01/7 "Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызмет көрсететiн инвесторлармен келiсiм-шарт жасасқанда берiлетiн жеңiлдiктер мен преференцияларды беру процесiн жетiлдiру туралы" бұйрығына келесi өзгерту енгiзiлсiн:

    Осы бұйрықпен бекiтiлген, 2002 жылға дейiнгi мерзiмге отандық және шетелдiк тiкелей инвестицияларды тарту үшiн маңызды өндiрiстер тiзiмiндегi

    2 тарауды "Өңдеушi өнеркәсiп" "Ауылшаруашылық өнiмдi өнеркәсiптiк қайта өңдеу" жолынан кейiн келесi мазмұндағы "Крахмал және крахмал өнiмдерi өндiрiсi" жолмен толықтырылсын.

    2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу күннен бастап күшiне енедi.

    Төрағаның міндетін атқарушы

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.