Киіктерді қорғау және өсімін молайту шаралары туралы
Қазақстан Республикасы "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Заңының 20 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 шiлдедегi №980"Киiктi қорғау және өсiмiн молайту жөнiндегi қосымша шаралар туралы қаулысын орындау мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. 2001-2005 жылдарғы кезеңде Атырау облысының аумағында, оларды ғылыми мақсатында пайдалану айрықшалықтан басқа, киiктердiң барлық түрлерiн аулауға тыйым салынсын.
2. 2001-2005 жылдары Атырау облысы аумағындағы киiктердi қорғау және бақылауды күшейту шаралар жоспары бекiтiлсiн. (қосымша)
3. Атырау облыстық жануарлар және өсiмдiк әлемiне мемлекеттiк бақылау аумақтық басқармасы (Көргенов М.) жыл сайын киiктiң санын есепке алу жұмысын бақылауға алсын.
4. Облыстық аумақтық орман және биоқорлар басқармасы (Таубаев Б.) Қазақстан Республикасы Ғылыми Академиясы зоология институтының өкiлдерiмен жыл сайын киiктердiң бас санына бас есеп жүргiзсiн, соның негiзiнде Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiне киiктi аулауға тыйым салудың күшiн жою, мерзiмiн өзгерту немесе ұзарту туралы ұсыныстар берсiн.
5. Барлық аудан әкiмдерi мүдделi ұйымдармен бiрлесiп, экобиологиялық тепе-теңдiктi сақтау мақсатында, қасқырларды атып алуға және браконьерлiкпен күресу жөнiндегi шаралардың орындалуын қамтамасыз етсiн.
6. Атырау облысы бойынша кеден басқармасы (Дүйсебаев С. - келiсiм бойынша), облыстық iшкi iстер басқармасы (Рақымжанов Т. - келiсiм бойынша), жануарлар және өсiмдiк әлемiне мемлекеттiк бақылау жасау жергiлiктi басқармасы (Көргенов М.), киiктердiң мүйiздерiн және терiлерiн, сондай-ақ басқа да бөлiктерiн алу кезiнде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қыркүйектегі №1467 "Жекелеген негiздер бойынша мемлекеттiк меншiгiне түскен мүлiктi есепке алу және одан әрi пайдалану, соның iшiнде мүлiктi сату ережесiн бекiту туралы" қаулысын басшылыққа алсын.
7. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Қ.Ищановқа жүктелсiн.
Облыс әкімі
С.Дәукеев
Облыс әкімінің 2001 жылғы
17 қыркүйек № 302 шешіміне
№ 1 қосымша
Атырау облысы аумағында 2001-2005 жылдар аралығында киіктерді қорғау және бақылауын күшейту туралы шаралар жоспары
|
Өткізілмек шаралар атауы
|
Мерзімі
|
Жауапты орындаушылар
|
|
|
1
|
«Капкан» атты Республикалық акцияны өткізу үшін Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау Министрлігінің бұйрығына сәйкес киіктерді қорғау заңнамасының аяқталуына мемлекеттік бақылау жүргізу
|
2001 жылдың 1 тамызынан бастап 2005 жылға дейін
|
Облыстық жануарлар және өсімдік әлеміне мемлекеттік бақылау аумақтық басқармасы, Ішкі істер басқарасы, облыстық кеден басқармасы
|
|
2
|
Браконьерлікпен күресу жөніндегі шұғыл шаралар бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі облыстық аймақты ұйымдардың жұмысын үйлестіру мақсатында облыстық мемлекеттік бақылау басқармасы жанынан және облыс аудандарында штабтар құрылысын, шалғай аудандарда мемлекеттік бақылау өкілдерімен көпшілік икелік мобилді топтар ұйымдастырылсын
|
Жыл сайын
|
Аудан әкімдері, Облыстық жануарлар және өсімдік әлеміне мемлекеттік бақылау аумақтық басқармасы
|
|
3
|
Іргелес облыстардың аумақтарын қамтып киіктер топталған жерлеріне бірлесіп шығып, бақылауын ұйымдастыру
|
2001 жылдан бастап 2005 жылға дейін
|
Табиғатты қорғау ұйымдары
|
|
4
|
2001-2005 жылдар аралығында облыс газеттер, «Хабар» республикалық теледидар арқылы, сонымен бірге-облыс теледидардан халық арасында «Киіктерді атуға тыйым салу және қорғау туралы» насихат жүргізу
|
Ай сайын
|
Облыстық жануарлар және өсімдік әлеміне мемлекеттік бақылау аумақтық басқармасы, облыстық теледидар
|
|
5
|
2000 жылғы 28 қыркүйектегі №1467 «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне түскен мүлікті есепке алу және одан әрі пайдалану, соның ішінде сату ережесін бекіту туралы» Үкіметтің Қаулысының орындалуын бақылау
|
Ай сайын
|
Облыстық жануарлар және өсімдік әлеміне мемлекеттік бақылау аумақтық басқармасы
|
|
6
|
Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы зоология институтының өкілдерімен, сонымен бірге аңшы-есепшілермен киіктердің санына бас есеп жүргізсін
|
Жыл сайын
|
Облыстық орман және биоқорлар басқармасы
|
|
7
|
Қасқырларды атып алуға бақылау жүргізу
|
Ай сайын
|
Облыстық жануарлар және өсімдік әлеміне мемлекеттік бақылау аумақтық басқармасы
|
|
8
|
Жыртқыш аңдарды (қасқырлар, шиебөрілер) атып алу шараларын ұйымдастыру
|
Ай сайын
|
Облыстық балықшылар және аңшылар қоғамы
|
Киікті қорғау және өсімін молайту жөніндегі қосымша шаралар туралы
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ғылыми мақсаттарға пайдаланудан басқа, 2005 жылға дейін Қазақстан Республикасының аумағында киіктерді аулауға тыйым салынсын.
2. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі:
1) 2001-2005 жылдар ішінде, жыл сайын, киіктердің санына есеп жүргізсін, солардың негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне киікті аулауға тыйым салудың күшін жою, мерзімін өзгерту немесе ұзарту туралы ұсыныстар берсін;
2) 2002 жылға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде киіктердің санын сақтау жөніндегі іс-шараларды орындауға арналған қаражатты бекітілген шығыстар лимиттерінің шегінде көбейтуді көздесін.
3. Ақмола, Ақтөбе,Атырау, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдеріне Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігімен бірлесіп, киіктердің түрлерін сақтау мақсатында қаскерлікпен және қасқырларды атып алумен күресті күшейту жөнінде бір ай мерзімде қосымша шаралар қабылдау ұсынылсын.
4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары киіктердің мүйіздерін және терілерін, сондай-ақ басқа да бөліктерін алу кезінде «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне түскен мүлікті есепке алу және одан әрі пайдалану, соның ішінде сату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қыркүйектегі №1467 қаулысын басшылыққа алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі В:С:Школьникке жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қ.Тоқаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.