Коммуналдық меншiктегi мемлекеттiк кәсiпорындарды, акционерлiк қоғамдардың акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн және объектiлердi жалға, сенiмдi басқаруға және меншiкке беру Ережелерiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы» Заңына сәйкес, облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Коммуналдық меншiктегi объектiлердi кейiннен сатып алу құқығымен (сатып алу құқықсыз) жалға беру Ережесi (№ 1 қосымша);
2) Коммуналдық меншiктегi мемлекеттiк кәсiпорындарды, акционерлiк қоғамдардың акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн кейiннен сатып алу құқығымен (сатып алу құқықсыз) сенiмдi басқаруға беру Ережесi (№ 2 қосымша);
3) Коммуналдық меншiктегi мемлекеттiк кәсiпорындардың және ұйымдардың қолданылмай тұрған өндiрiстiк жайлары мен объектiлерiн, офистiк жайларын шағын кәсiпкерлiктiң субъектiлерiне, олардың ұсынған ақпараттарының негiзiнде, таңдауы бойынша кейiннен меншiгiне беру құқығымен жалға немесе сенiмдi басқаруға беру Ережесi (№ 3 қосымша);
4) Өндiрiстiк қызмет ұйымдастыру шарттарымен жалға немесе сенiмдi басқаруға берiлген коммуналдық меншiктегi мемлекеттiк кәсiпорындардың және ұйымдардың қолданылмай тұрған өндiрiстiк жайлары мен объектiлерiн, офистiк жайларын шағын кәсiпкерлiктiң субъектiлерiне меншiкке беру Ережесi (№ 4 қосымша);
5) Коммуналдық меншiктегi қолданылмай тұрған объектiлердi кейiннен сатып алу құқығымен (сатып алу құқықсыз) басқаруға беру Ережесi (№ 5 қосымша) бекiтiлсiн.
2. Облыстық коммуналдық меншiк және жекешелендiру басқармасы мемлекеттiк коммуналдық мүлiктi пайдалануға, басқаруға және иелiк етуге берген кезде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, облыс әкiмиятының қаулыларын және осы қаулымен бекiтiлген Ережелердi қатаң түрде басшылыққа алсын.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары Б.Қуандықовқа жүктелсiн.
Облыс әкiмi
С. Нұрғисаев
№ 1 Қосымша
Облыс әкiмиятының
2001 жылғы 23 қарашадағы
№ 99 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
Коммуналдық меншiктегi объектiлердi кейiннен сатып алу құқығымен (сатып алу құқықсыз) жалға беру Ережесi
1. Жалпы ережелер
Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне және басқа нормативтiк-құқықтық актiлерге сәйкес әзiрленген және коммуналдық меншiктегi барлық мемлекеттiк органдардың, кәсiпорындар мен мекемелердiң орындауы үшiн мiндеттелген коммуналдық меншiктегi объектiлердi кейiннен сатып алу құқығымен (сатып алу құқықсыз) жалға берудiң негiзгi принциптерiн, тәртiбiн және Қызылорда облысының аумағындағы бiрыңғай тәртiптерiн белгiлейдi.
2. Негiзгi принциптер
1. Осы ережеде төмендегiдей ұғымдар қолданылады:
1) Жалға беру - мүлiктiк жалға кейiннен сатып алу құқығымен (сатып алу құқықсыз) беру;
2) Жалға беру келiсiм-шарты - бұл келiсiм-шарт бойынша жалға берушi жалға алушыға, ақысына, мүлiктi уақытша иеленуге, пайдалануға кейiннен сатып алу құқығымен (сатып алу құқықсыз) берудi мiндетiне алады;
3) Жалға берушi - меншiк иесi атынан шығатын облыстық коммуналдық меншiк және жекешелендiру басқармасы;
4) Жалға алушы - жалға беру келiсiм-шартында мүлiктi белгiлi бiр ақыға уақытша иеленуге және пайдалануға алатын жақ;
5) тұрғын үй емес мемлекеттiк қор - тұрғын үй қорына енгiзiлмеген мемлекеттiң меншiгiндегi ғимараттар және жайлар;
6) жалға беру объектiлерi - мемлекеттiк тұрғын үй емес қордағы кәсiпорындар мен жайлар;
7) мемлекеттiк тұрғын үй емес қордағы жайлар:
- ведомстволық бағыныстылығына (балансына) қарамастан жайлар, жеке тұрған ғимараттар мен құрылыстар;
- ведомстволық бағыныстылығына (балансына) қарамастан тұрғын үйлерге кiрiстiре салынған тұрғын үй емес жайлар;
- тарих пен мәдениет ескерткiштерi болып табылатын ғимараттар;
- мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй емес қорға көшiрiлген жайлар;
- облыс әкiмiнiң қарамағына басқа да заңды әдiспен берiлген жайлар.
2. Тек қана мемлекеттiк меншiк объектiлерi болып саналатын, жергiлiктi маңызы бар категорияға жатқызылатын тарих пен мәдениет ескерткiштерiнiң ғимараттары жергiлiктi атқару органдарының тиiстi бөлiмшелерiнiң келiсiмi бойынша жалға берiледi.
3. Жалдау объектiлерiн жалға беру және оларды кейiннен сату құқығы тек қана облыстық коммуналдық меншiк және жекешелендiру басқармасына тиiстi.
3. Жалдау объектiлерiн жалға алуға берiлетiн тапсырыстарды қарау.
4. Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерден басқа барлық заңды және жеке тұлғалар жалдау объектiлерiн жалға алу тапсырыстарын берулерiне болады. Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер өзбеттерiнше коммуналдық және басқа қызметтердi төлеу шарттарымен балансұстаушымен келiсiмге отырады.
5. Келiп түскен тапсырыстарды қарау және олар бойынша шешiмдер қабылдану жалпылама негiзде бiр ай мерзiм iшiнде жүргiзiледi.
6. Жалдау объектiлерiн жалға беру туралы келiп түскен тапсырыстар мына құжаттар болған жағдайда қаралады:
1) жалдау объектiсiнiң қажет етiлуiнiң техникалық-экономикалық негiздемесi;
2) құрылтайлық құжаттарының нотариусте куәландырылған көшiрмелерi (заңды тұлғалар үшiн).
7. Тапсырысты және келiп түскен құжаттарды қараудың нәтижелерi бойынша жалға берушi мына шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
1) объектiнi жалға белгiлi бiр мақсат бойынша кейiннен сатып алу құқығымен (сатып алу құқықсыз) беру туралы;
2) осы объектi бойынша жалға алушыны конкурспен iрiктеп алу туралы;
3) себептерiн жазбаша көрсете отырып, қабыл алмауы туралы;
Тапсырыс берушiлерге қойылған талаптарға қанағаттандырылған тапсырыстар екеу және одан көп болған жағдайда, объектi тек қана конкурс қорытындысымен жалға берiлуi мүмкiн.
4. Объектiнi жалға беру жөнiндегi конкурсты өткiзу тәртiбi
8. Конкурс өткiзу үшiн жалға берушi комиссия құрып, оның құрамына жергiлiктi атқару органдарының, облыстық коммуналдық меншiк және жекешелендiру басқармасының, балансұстаушының өкiлдерi енгiзiледi. Басқарманың өкiлi комиссия төрағасы болып табылады.
9. Комиссия құрамы жалға берушiнiң бұйрығымен бекiтiледi.
10. Комиссия жалға берушiнiң белгiленген мерзiмiнде және оның жалдау объектiлерi туралы ұсынған мәлiметтерiнiң негiзiнде конкурс шарттарын әзiрлейдi, олардың iшiнде ең негiзгiсi жалдау ақысының мөлшерi болып табылады.
11. Конкурс шарттарын жалға берушi бекiтедi.
12. Басқарма ақпарат хабарлардың бұқаралық ақпарат құралдарында, конкурс өткiзiледi деп жарияланған уақытынан кемiнде 15 күн бұрын жариялануын қамтамасыз етедi.
13. Конкурс өткiзу туралы ақпарат хабарларда мынадай мәлiметтер болуға тиiс:
1) жалға беру мерзiмi;
2) конкурс шарттары;
3) жалға берiлетiн объектi туралы мәлiметтер, оның iшiнде тұрғылықты жерi, осымен қатар жалға берiлетiн объектi балансында тұрған мекеменiң атауы мен мекен-жайы;
4) конкурс өткiзiлетiн күнi, уақыты және орны;
5) конкурсқа қатысу тапсырыстарын қабылдау мерзiмi;
6) жалдау ақысының бастапқы ставкасы (мөлшерi);
7) жалға берушiнiң қалауы бойынша басқа да деректер.
14. Талапкер конкурсқа қатысу үшiн, жалға берушi белгiлеген мерзiм iшiнде мыналарды ұсынуы қажет:
1) конкурсқа қатысу үшiн тапсырыс;
2) конкурс шарттарына сәйкес объектiнi пайдалану туралы ұсыныстары;
3) заңды тұлғалар - құрылтай құжаттарын және мемлекеттiк тiркеуден өткенiн дәлелдейтiн құжаттар;
4) жеке тұлғалар - паспорт деректерi.
15. Ұсынылған құжаттар пакетi толық болмағанда немесе тапсырыстарды қабылдау үшiн белгiленген мерзiм бұзылған жағдайда комиссия қатысу тапсырыстарын қабылдамауға құқылы.
16. Конкурсқа қатысушы:
1) конкурсқа жеке өзi немесе сәйкестендiрiлiп рәсiмделген сенiмхат негiзiнде өз өкiлдерi арқылы қатысуға;
2) конкурсқа шығарылатын объектi туралы қосымша мәлiметтердi, анықтауларды тегiн алуға;
3) объектiнi алдын-ала қарап шығуға;
4) өз құқығы бұзылған жағдайда сотқа жүгiнуге;
5) конкурс басталардан бiр тәулiк бұрын жалға берушiнi жазбаша хабарлай отырып, тапсырысын қайтып алуға құқылы.
17. Конкурс кемiнде екi қатысушы болған жағдайда ғана өткiзiледi.
18. Конкурстың жеңiмпазы болып, ең жақсы шарттар мен ең жоғары жалдау ақысын ұсынған қатысушы белгiленедi.
19. Конкурс қорытындысы комиссия хаттамасымен рәсiмделiп, онда мыналар көрсетiледi:
1) комиссия құрамы;
2) конкурс шарттары;
3) конкурсқа қатысушылар туралы мәлiметтер мен олардың ұсыныстары;
4) конкурсқа қатысушылардың тiзiмi;
5) объектiнiң атауы, ұсынылған ставкалар;
6) конкурс жеңiмпазы;
7) жалға беру келiсiм-шартына қол қоюшы тараптардың мiндеттемелерi.
20. Конкурс нәтижелерi туралы хаттаманың көшiрмесi конкурс жеңiмпазына берiледi және ол жалға беру келiсiм-шартын жасауға жеңiмпаздың құқығын куәландыратын құжат болып табылады.
21. Хаттамаға комиссияның барлық мүшелерi қол қойып, оны жалға берушi бекiтедi.
5. Жалға беру келiсiм-шартын рәсiмдеу тәртiбi
22. Конкурстың нәтижелерi бойынша немесе жалға берушi белгiлi бiр мақсатпен жалға беру туралы шешiм қабылдағаннан кейiн жалға алушымен 10 күннiң iшiнде жалға беру келiсiм-шарты жасалынып, объектiнiң алыс-берiс актiсi бекiтiледi.
23. Объектiнi жалға белгiлi бiр мақсатпен бергенде, жалдау ақысының ставкасын (мөлшерiн) облыс әкiмiнiң келiсiмiмен облыстық коммуналдық меншiк және жекешелендiру басқармасы бекiтедi.
24. Жалға алушы жалға беру келiсiм-шарты жасалған күннен бастап жалдау ақысы мен коммуналдық қызметтер ақысын төлейдi.
6. Жалдау объектiсiн беру тәртiбi
25. Жалдау объектiсiн жалға берушiнiң, жалға алушының және объектi балансында тұрған мекеменiң өкiлеттi өкiлдерi актi бойынша берiп, онда мыналар көрсетiледi:
1) актiнiң жасалған орны мен уақыты;
2) өкiлдердiң тараптар мүдделерiн бiлгiзуiне негiз болатын құжаттардың атауы мен реквизиттерi;
3) осыған сәйкес берiлетiн объектiнiң жалға беру келiсiм-шартының нөмiрi мен оған қол қойылған күнi;
4) берiлетiн объектiлердiң техникалық жағдайы, анықталған ақаулар тiзiмi көрсетiледi;
5) тараптардың мөрлерiмен куәландырылған, өкiлдердiң қолы.
26. Алыс-берiс актiсi үш дана етiп толтырылып, оның бiрi - жалға берушiде сақталады, екiншiсi - жалға алушыға, үшiншiсi - балансұстаушыға берiледi.
27. Өзара жалға беру келiсiм-шартына қол қойылғаннан кейiн жалға берушi объектiнi жалға алушыға бiр айдан аспайтын мерзiмде берiлуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
28. Жалға беру ақысына коммуналдық қызмет төлемдерi, ағымдағы және күрделi жөндеуге бөлiнген қаражат, объектiге көрсетiлетiн қызмет үшiн төлемдер қосылмайды. Бұл төлемдердi жалға алушы тiкелей ведомстволық күзетке, пайдалану, коммуналдық, санитарлық және басқа қызметтерге төлейдi.
29. Жалға беру келiсiм-шартында жалдау ақысының мөлшерiн инфляция индексiне сәйкес тоқсан сайын қайта қарау туралы талап қамтылуы тиiс.
30. Жалға берушi инфляция деңгейiн және басқа факторларды ескере отырып жалдау ақысы мөлшерiнiң ұлғайту коэффициентiн жалға алушыға тоқсан сайын хабарлайды.
31. Жалдау ақысы жергiлiктi бюджетке аударылады.
7. Жалға беру келiсiм-шартын мерзiмiнен бұрын бұзу
32. Жалға беру келiсiм-шарты мерзiмiнен бұрын мына жағдайларда бұзылуы мүмкiн:
1) Жалға алушының заңды тұлға ретiнде таратылуы;
2) Жалға алушыға, оның жазбаша келiсiмiмен басқа объектiнiң берiлуi;
3) Жалға алушының жалға беру келiсiм-шартының ережелерiн бұзуы (бұл жағдайда келiсiм-шарт бiр жақты бұзылады);
4) Жалға алушының жазбаша өтiнiшi;
5) заңда немесе келiсiм-шартта көзделген басқа жағдайларда.
8. Жалға беру келiсiм-шартына қойылатын қосымша талаптар
33. Жалға беру келiсiм-шартында мыналар көзделуге тиiстi:
1) Жалға берушiнiң мiндеттемелерi:
- объектiнi Жалға алушыға алыс-берiс актiсi бойынша келiсiм-шартта белгiленген мерзiмде беру;
- жалға алушының объектiнi келiсiм-шартта көрсетiлген ретпен иеленуiне және пайдалануына бөгет келтiретiн әрекеттер жасамау;
2) Жалға алушының мiндеттемелерi:
- объектiнi келiсiм-шарт талаптарына сәйкес пайдалану;
- жалға беру ақысын шартта көрсетiлген мөлшерде, уақытысында және тәртiбiмен төлеу;
- объектiнi күтiп ұстау, оның немесе онда орналасқан инженерлiк коммуникацияларды зақымдауы мүмкiн әрекеттер жасамау;
- объектiнiң зақымдалуына өзi кiнәлi болса, оны өз есебiнен жөндеу;
- жалға берушiнiң жазбаша рұқсатынсыз бөлмелер орналасуының өзгертiлуiне немесе объектiнiң қайта жабдықталуына, онда орналасқан желiлер мен коммуникациялардың ауыстырылуына жол бермеу;
- объектiге және оның iргесiндегi жер учаскесiне жалға берушiнiң, санитарлық қадағалау қызметтерiнiң және ғимараттарды пайдалану тәртiбiне қатысты заңдар мен нормалардың сақталуын бақылайтын басқа да мемлекеттiк органдардың өкiлдерiн кiргiзу, тәртiп бұзушылық анықталған болса, оны олар белгiлеген мерзiмде түзеу;
- объектiнi келiсiм-шартта белгiленген мерзiмде қанағаттандырарлық күйiнде тапсыру.
34. Тарихи және мәдениет ескерткiштерiн жалға беру кезiнде жалға беру келiсiм-шартында, объектiнiң тарихи ескерткiшi ретiнде сақталуын көздейтiн ережелер қосымша енгiзiлетiн болады.
35. Жалға беру келiсiм-шартының ережелерiн бұзғаны үшiн тараптар қолданылып жүрген заңдарға және келiсiм-шартқа сәйкес жауапты болады.
36. Айыппұл төлемдерiн төлеуi кiнәлi жақты келiсiм-шарт бойынша алған мiндеттемелерiн орындаудан босатпайды.
37. Жалға алушы жалға берушiнiң келiсiмiнсiз жүргiзген жақсартуларын қайтып алу мүмкiндiгi мына жағдайда туады, егер де олар жалдау объектiсiне зиян келтiрмей алынатын болса және жалға берушi оның құнын төлеуге келiспеген жағдайда.
Жалға алушыға жалға берушiнiң келiсiмiнсiз жүргiзген жақсартуларының құнын және жалдау объектiсiне зиян келтiрмей алынбайтын жақсартуларының құны төленуге тиiстi емес, егер де заңда немесе келiсiм-шартта басқаша көрсетiлмеген болса.
38. Тараптар жауапкершiлiктен заңда немесе келiсiм-шарт талаптарында көрсетiлген жағдайларда ғана босатылады.
9. Дауларды шешу
39. Жалға беру келiсiм-шартының жақтары осы Ереже бойынша реттелмеген барлық мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарының нормаларын басшылыққа алады.
40. Объектiнi келiсiм-шарт бойынша жалға беру кезiнде туған даулар екi жақтың өзара келiсiмiмен немесе сот тәртiбiмен қаралады.
№ 2 Қосымша
Облыс әкiмиятының
2001 жылғы 23 қарашадағы
№ 99 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
Коммуналдық меншiктегi мемлекеттiк кәсiпорындарды, акционерлiк қоғамдардың акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн кейiннен сатып алу құқығымен (сатып алу құқықсыз) сенiмдi басқаруға беру ережесі
1. Негiзгi ұғымдар
1. Осы Ережеде төмендегiдей ұғымдар қолданылады.
1) Басқарма - облыстың коммуналдық меншiгiне қарасты мемлекет мүдделерiн бiлдiруге өкiлеттiк берiлген облыстық коммуналдық меншiк және жекешелендiру басқармасы;
2) Қатысушы - қажеттi құжаттарды ұсынған және берiлген шарттар бойынша келiсiм-шартқа отыруға келiсiмiн бiлдiрген жеке немесе мемлекеттiк емес заңды тұлға;
3) Объектi - сенiмдi басқаруға, кейiннен сатып алу құқығымен (сатып алу құқықсыз) берiлетiн мемлекеттiк кәсiпорын, ғимарат, құрылыс, үй-жай немесе акционерлiк қоғамның акцияларының мемлекеттiк пакетi;
4) Тапсырма - қажеттi құжаттардың белгiленген топтамасы, сонымен қатар қатысушының келiсiм-шарт ережелерiн орындауға және басқарма ұсынған келiсiм-шартқа отыруға келiсiмi;
5) Тендерлiк комиссия - объектiнi басқару келiсiм-шартына отыру жөнiндегi тендердi ұйымдастыру үшiн басқарма құрған орган;
6) Басқарушы - басқармамен келiсiм-шартқа отырған тендер жеңiмпазы.
2. Жалпы ережелер
2. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Заң күшi бар «Жекешелендiру туралы» Жарлығына сәйкес әзiрленген және Басқарушымен объектiлердi кейiннен сатып алу құқығымен (сатып алу құқықсыз) сенiмдi басқаруға беру келiсiм-шарт (бұдан әрi - келiсiм-шарт) жасасудың тәртiптерiн, сондай-ақ басқарушының келiсiм-шарт талаптарын орындауына бақылау жасау механизмiн анықтайды. Келiсiм-шарт жасасу, тендердi жеңiп алған қатысушыға объектiге қатысты белгiлi бiр шарттарды орындау талаптарымен қатар, мемлекеттiң объектiнi иеленуге, пайдалануға және басқаруға (иелiк ету құқықсыз) беру құқықтарын ресiмдеуi болып табылады.
3. Тендерлiк комиссияны құру
3. Басқарма тендерлiк комиссияны құрып, оның құрамына:
1) Басқарманың;
2) Өкiлеттiк органның;
3) Облыстық қаржы басқармасының;
4) Облыстық әдiлет басқармасының;
5) Облыстық салық комитетiнiң;
6) Әкiмшiлiктiң өкiлдерi енгiзiледi.
Жоғарыда көрсетiлген өкiлдер тендер комиссиясының жұмысына тиiстi түрде ресiмделген сенiмхаттың негiзiнде қатысуы керек. Басқарманың өкiлi комиссия төрағасы болып табылады.
4. Тендерлiк комиссия:
1) Белгiленген тәртiп бойынша басқаруға берiлетiн объектiлер туралы ақпараттық хабарламаны жариялауды ұйымдастырады;
2) Өз жұмысының регламентiн дайындайды және бекiтедi;
3) Қажеттiлiгi болған жағдайда консалтингтiк фирманы тартады;
4) Келiп түскен тапсырысты және тендерлiк комиссияға ұсыну үшiн басқа да қажеттi құжаттарды қабылдайды және бiрден тiркейдi, ұсынған құжаттамалардағы кемшiлiктердi жою үшiн тиiстi шаралар қолдану жөнiнде қатысушыларға хабар бередi. Басқа қалада тұратын қатысушылар үшiн тiркеу күнi тапсырыстың жiберген күнi соғылған пошта белгiсi болып саналады.
4. Объектiнi тендерге дайындау
5. Объектiнi сенiмдi басқаруға беру туралы облыс әкiмiнiң келiсiмiнен кейiн, басқарма берiлетiн объектiлердiң соңғы 2 (екi) жылдағы шаруашылық қызметi туралы толық ақпарат жинайды.
5. Тендердi өткiзу туралы хабарлама
6. Объектiлер туралы хабарламаны тендерлiк комиссия баспасөзде жариялау арқылы жеткiзедi.
7. Тендердi өткiзу жөнiндегi хабарлама жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында, мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде тендер өткiзiлетiн күннен кемi 30 (отыз) күн бұрын жариялануы керек.
8. Хабарлама жарияланғаннан кейiн басқарма басқаруға берiлетiн Объектiлер туралы ақпаратқа барлық тiлек бiлдiрушiлерге еркiн мүмкiндiк бередi.
6. Қатысушыларға қойылатын талаптар
9. Тендерге қатысуға тапсырысты және басқа да қажеттi құжаттарды уақытылы берген жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар жiберiледi. Бұдан басқа, тапсырыс берген жеке тұлғаның қажеттi бiлiмi және осы немесе сабақтас салада жұмыс тәжiрибесi болуы керек, ал заңды тұлға - объектiнi басқару үшiн жоғарыда көрсетiлген қабiлеттерi бар өкiлi болуы керек.
10. Тендерге қатысу үшiн тендерлiк комиссияға төмендегiдей құжаттарды ұсыну керек:
1) Тендерге қатысу тапсырысы;
2) Инвестициялық жобаларды негiздеу әдiстемесiне сәйкес, экономикалық және коммерциялық тиiмдiлiгiнiң есептерiмен техникалық-экономикалық дәлелдеулер;
3) Бизнес-жоспар;
4) Жеке конвертке салынған тендердiң шартына сай жазбаша формадағы ұсыныс;
5) Қатысушының қаржылық жағдайының тұрақтылығын анықтайтын айғақтайтын құжат;
6) Осы Ережемен танысқандығын қуаттайтын талапқа сай толтырылған тiлхат.
Заңды тұлғалар бұған қосымша құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшiрмесiн, сондай-ақ тиiстi органдарда мемлекеттiк тiркеуден өткендiгiн қуаттайтын құжаттарды тапсыруға мiндеттi.
11. Қатысуға қабылданатын тапсырыстар, тендер өткiзiлетiн күннiң алдындағы күнде сағат 18.00-де аяқталады. Белгiленген мерзiм өткеннен кейiн тапсырыстарды және құжаттарды қабылдау тоқтатылады.
12. Тендерлiк комиссия құжаттарды қабылдап алғаннан кейiн, тапсырыс берушiге тапсырысының тiркелу күнiн көрсетiп, оның тендерге қатысуы туралы жазбаша хабарлама жiбередi. Жазбаша хабарламаны жiберген кезден бастап тапсырыс берушi тендерге қатысушы статусына ие болады.
Тапсырысы қарауға қабылданбаған немесе қайтарылған тапсырыс берушiге, бұл туралы жетi күн мерзiм iшiнде, себептерi көрсетiлiп жазбаша хабарланады.
13. Тендерге қатысуға тапсырыс берген тұлғалар туралы мәлiметтер жариялауға жатпайды.
14. Тендерге қатысушы өз ұсынысын тендер өткiзудiң белгiленген мерзiмнен бұрын қайтарып алуына құқылы, бұл туралы ол тендер басталардан үш күн бұрын жазбаша хабар беруi керек.
15. Тендерге қатысушылардың кепiлдiк жарнасы мүлiк құнының 5-тен 10 пайызға дейiнгi мөлшерiнде белгiленедi және ол тендердi ұйымдастыру жөнiндегi шығындарды жабуға жұмсалады, оның iшiнде мыналарға:
1) Жеке жобаларды әзiрлеу жөнiндегi консалтингтiк фирмалардың қызметi;
2) Дау туған мәселелер жөнiнде және мемлекеттiк заңды тұлғаларды немесе мемлекеттiң қатысуымен заңды тұлғаларды құру жөнiндегi шешiм қабылдау жолымен түйiндi мәселелердi шешу, оларды қайта құру, тарату, объектiлердi кепiлдiкке беру келiсiм-шартына (келiсiмдер) отыру, сауықтыру процедурасын жүргiзу, жалға және сенiмдi басқаруға беру, жекешелендiру үшiн басына баруға кететiн командировкалық шығындар;
3) Қалааралық, халықаралық телефон байланысын төлеуге;
4) Объектiнiң күзетiне төлеуге;
5) Өлiкке төлеуге;
6) Жарнамалық және ақпараттық қамтамасыз ету шығындары;
7) Қағаз, бланкiлер, кеңсе тауарларын, компьютерлерге қосымша заттар алуға, құжаттарды түптеуге, техниканы, құрал-жабдықтарды жөндеуге;
8) Тендердi өткiзуге тiкелей қатысқан және жұмыс уақытынан артық жұмыс iстеген қызметкерлердi материалдық көтермелеуге.
16. Жеңiмпаз болып анықталмаған қатысушыға тендердi ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi шығындарды жабуға жұмсалатын шығыстар кепiлдiк жарнасынан алынылып қалып, қалғаны қайтарылып берiледi. Қатысушыға кепiлдiк жарнаның қалған сомасы тендер жеңiмпазын жариялағаннан күннен бастап 20 банктiк күннiң iшiнде қайтарылып бередi.
17. Тендер жеңiп алған қатысушыға кепiлдiк жарна қайтарылмайды. Кепiлдiк жарнадан тендердi ұйымдастыру және өткiзу шығындары алынылып, қалғаны сатып алу құнына есептеледi.
7. Тендер өткiзу тәртiбi
18. Тендерлiк комиссия жеңiмпазды анықтаудың бағалау өлшемiн басшылыққа ала отырып қатысушылардың ұсыныстарын қарайды. Тендерлiк комиссия жобаларға тәуелсiз сараптама жүргiзуге құқылы.
19. Тендер комиссиясының шешiмi оның мүшелерiнiң жәй ғана басым көпшiлiк дауыстарымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның берген даусы шешушi болады. Тендерлiк комиссия дауыстар тең болған жағдайда қатысушыларды келiссөзге шақыруға және олардың келiсiмiмен тендер жеңiмпазын анықтау үшiн қосымша тендер ұйымдастыруға құқылы. Бұл ретте тендерлiк комиссияға Объектiнiң жұмысын жақсартуға қосымша ұсыныс берген қатысушы жеңiмпаз болып танылады.
20. Тендерлiк комиссияның шешiмi хаттамамен ресiмделiп, оған тендерлiк комиссияның мүшелерi, төрағасы және сауданы жеңiп алушы тұлға қол қояды. Комиссия мүшелерi өздерiнiң өзгеше пiкiрiн жазбаша түрде баяндауға және оны хаттамаға қосып беруге құқылы, бұл туралы хаттамада көрсетiледi. Жеңiмпазды жариялаған күннен бастап 30 күннiң iшiнде тендер қорытындыларына, оған қатысушылар тарапынан наразылық бiлдiруiне болады.
21. Басқарма тендер қорытындыларын жеңiмпазды жариялаған күннен бастап 5 күннiң iшiнде бекiтедi. Тендер қорытындылары бекiтiлмеген жағдайда, тендерге қатысуға тапсырыстар болмағанда немесе тендер комиссиясы жеңiмпаздың болмауы туралы шешiм қабылдаса, басқарма тендерлiк комиссияға тендер шарттарын өзгертудi ұсынып, жаңадан тендер жариялауға құқылы.
8. Келiсiм-шартқа отыру
22. Басқарма тендер қорытындыларын бекiткеннен кейiн 10 күннен кешiктiрмей тараптар объектiнi басқару келiсiм-шартына қол қоюы керек.
23. Тараптар қол қойған объектiнi басқаруға құқық беретiн алыс-берiс актiсi келiсiм шарттың құрамдас бөлiгi болып табылады.
9. Келiсiм-шарт талаптары
24. Келiсiм-шарттың негiзгi талаптары мыналар болып табылады:
1) Өндiрiстiң жұмыс бағытын және өнiм шығарудың мөлшерiн белгiлi бiр дәрежеде сақтау немесе оны бұдан әрi арттыру;
2) Объектiнiң мүлiктiк кешенiне кiретiн әлеуметтiк саланың объектiлерiн қаржыландыру және ұстап тұру;
3) Барлық немесе келiсiм-шарт бойынша белгiленген жұмыс орнының санын сақтау;
4) Объектiнiң жұмысшыларын әлеуметтiк кепiлдiктермен қамтамасыз ету, денсаулығын және өмiрiн өндiрiстегi бақытсыз оқиғадан және өндiрiстiк жарақаттан сақтандыру;
5) Объектiнiң мүлкiн өрттен, жарылыстан, авариядан, дүлей апаттан сақтандыру;
6) Өнiмнiң сапасын және бәсекеге жарамдылығын арттыру, өндiрiстiң шығынын төмендету;
7) Алыс-берiс актiсi қол қойылған кездегi объектiнiң барлық қарыздарын жою (өтеу);
8) жер қойнауының, айналадағы ортаны және еңбек қорғауына қатысты нормалардың және тәртiптердiң сақталуы;
9) Қаржылай қаражат тарту жөнiндегi мiндеттемелер: тауарлы-несиелiк, айналым қаражаттық, инвестициялық;
10) Шығарылатын өнiмнiң (тауарлар, қызметтер) монополияға қарсы реттелетiн баға жөнiндегi мiндеттемелер;
11) Отандық тауар өндiрушiлер үшiн өзара қолайлы бағамен Iшкi нарықтың қажеттiлiгiн қанағаттандыру мiндеттемелерi;
12) аймақтарды және салаларды дамытудың мемлекеттiк инвестициялық стратегиясына сәйкес, фирма басқарушыларының орта және ұзақмерзiмдi келешекте объектiде инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттемелерi мен құқықтары;
13) Объектiнiң қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ететiн, оны қайта құрылымдаудың толық бағдарламасын әзiрлеу жөнiндегi фирма басқарушыларының ұсынысы;
14) Объектiнiң мобилизациялық қуаттылығын қолдау;
15) Өнiмдердi Қазақстан Республикасынан тысқары жерге орташа-нарықтық бағаның деңгейiнен төмен емес бағамен өткiзу;
16) Тиелген өнiмдер үшiн алдын ала төлеген кезде жеңiлдiк пайызы дүниежүзiлiк стандарттарға сәйкестiлiгi жөнiндегi мiндеттемелерi.
10. Келiсiм-шарттың мерзiмдерi
25. Басқарма мен басқарушы арасында жасалған келiсiм-шарт өз күшiне қол қойылған кезден бастап күшiне енедi. Мерзiмдi есептеу объектiнi басқарманың басқарушыға берген күнiнен басталады.
26. Өнеркәсiп секторының құрылымдылық-салалық маңыздылығына байланысты келiсiм-шарт 10 жылға дейiнгi мерзiмге жасалады.
11. Айрықша шарттар
27. Келiсiм-шарттың талаптарын тиiстi орындаған жағдайда басқарушыға объектiнi сатып алудың артықшылық құқығы ұсынылуы мүмкiн. Объектiнiң сатып алу мерзiмiн және оның бағасын басқарма белгiлейдi.
12. Тараптардың жауапкершiлiгi
28. Тараптар келiсiм-шарт бойынша мiндеттемелердi орындамаған болса немесе тиiстi дәрежеде атқармаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдары бойынша белгiленген жауапкершiлiктi тартады.
29. Келiсiм-шарттың талаптары мен шарттарын бұзатын тiкелей немесе жабық түрде жасалған мәселелер күшi жоқ болып саналады, ал оларды жасаушы айыптылар Қазақстан Республикасының заңдары бойынша белгiленген жауапкершiлiктi тартады.
30. Жауапкершiлiкке тарту келтiрiлген нұқсанның орнын жабу мiндеттiлiгiнен айыпты тұлғаларды босатпайды.
31. Осы Ереже бойынша көзделмеген негiздер бойынша келiсiм-шарт мерзiмiнен бұрын бұзылған жағдайда, кiнәлi жақ екiншi жақтан барлық тiкелей залалдарын өтеудi, бұған қоса осы бұзылуға байланысты келтiрiлген материалдық нұқсанды талап етуге құқылы.
13. Бой бермейтiн күштi мән-жайлар (форс-мажор)
32. Жасалған келiсiм-шарт бойынша мiндеттемелердiң iшiнара немесе толық орындалмауы, сонымен қатар оның орындалуын кешеуiлдеткенi үшiн тараптар жауапкершiлiктен босатылады, егер де бұл бой бермейтiн күштi мән-жайлардың (форс-мажор) салдарынан туған болса. Бой бермейтiн күштi мән-жайларға, тараптардың бақылау шеңберiнен тысқары жататын кез-келген оқиға жатады, атап айтқанда: соғыс қақтығыстары, табиғи апаттар, дүлей апаттар (су тасқыны, жер сiлкiну және т.б.).
33. Бой бермейтiн күштi мән-жайлар туған жағдайда, онан зардап шеккен тарап екiншi тарапты жазбаша түрде оқиғаның басталған уақытын көрсетiп хабардар етедi және бой бермейтiн күштi мән-жайлардың пайда болу жағдайының дәлелдемелерiн ұсынуға мiндеттi.
34. Жасалған келiсiм-шарт бойынша мiндеттемелердiң орындалу мерзiмi бой бермейтiн күштi мән-жайлардың болған уақытына сәйкес кейiнге шегерiледi.
14. Келiсiм-шарт талаптарының орындалуына бақылау жасау
35. Келiсiм-шарт талаптарының орындалуына бақылау жасауды басқарма жүзеге асырады. Бұл мақсатта басқарма жұмысшы тобын құрады. Жұмысшы тобы өзiнiң жұмысын фирма басқарушының қабылдаған мiндеттемелерiн есепке ала отырып, жасалған келiсiм-шартқа сәйкес ұйымдастырады. Фирма басқарушысы белгiленген мерзiмдерде және бекiтiлген нысандар бойынша құжаттарды (есеп беру) жұмысшы тобының қарауына ұсынады.
15. Келiсiм-шарттың қолданылуының тоқтатылу шарттары
36. Келiсiм-шарт өзiнiң қолданылуын төмендегiдей себептердiң бiреуi бойынша тоқтатады:
1) Келiсiм-шарттың қолданылу мерзiмi бiткен жағдайда, егер де оның қолданылуын тараптар келiсiм бойынша созбаған болса;
2) Осы Ереженiң бой бермейтiн күштi мән-жайлар бөлiмiнiң 1 тармағына сәйкес, бой бермейтiн күштi мән-жайлар туған оқиғалардан басқа жағдайларда, тараптардың бiр жағы келiсiм-шарт қойған талаптарды орындамай немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес оның шарттарын елеулi түрде бұзып отырған болса;
3) Тараптардың бiр жағы екiншi жақтың келiсiмiнсiз өз мүдделерiнiң кез келген бөлiгiн үшiншi жаққа қайта берген болса;
4) Тиiстi сот шешiмiнiң негiзiнде;
5) Басқарушы келiсiм-шарт белгiлеген мерзiмде объектiнiң жұмыс-қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттемелердi орындамаған болса, басқарма басқарушыға 15 күн бұрын ескерту жасап, келiсiм-шартты бiр жақты бұзуына құқысы бар.
16. Дауларды шешу
38. Тараптар осы Ережемен реттелмеген мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа алады.
39. Келiсiм-шарт бойынша объектiнi немесе акциялардың мемлекеттiк пакетiн басқару құқығын беру кезiнде туған даулар тараптардың өзара келiсiмi бойынша немесе сот арқылы қаралады. Егер де оларды тараптар 60 (алпыс) күннiң iшiнде шеше алмаған жағдайда, дауларды түпкiлiктi шешу үшiн сотқа бередi. Бұл органның шешiмi екi жақ үшiн түпкiлiктi болып саналады.
№ 3 Қосымша
Облыс әкiмиятының
2001 жылғы 23 қарашадағы
№ 99 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
Коммуналдық меншiктегi мемлекеттiк кәсiпорындардың және ұйымдардың қолданылмай тұрған өндiрiстiк жайлары мен объектiлерiн, офистiк жайларын шағын кәсiпкерлiктiң субъектiлерiне олардың ұсынған ақпараттарының негiзiнде, таңдауы бойынша кейiннен меншiгiне беру құқығымен жалға немесе сенiмдi басқаруға беру Ережесi
Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 6 наурыздағы № 3398 «Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдауды күшейту және жандандыру жөнiндегi шаралар туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы «Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы» Заңына сәйкес әзiрленген және өндiрiстiк қызмет ұйымдастыру шарттарымен жалға немесе сенiмдi басқаруға мерзiмi бiр жылға берiлген мемлекеттiк кәсiпорындардың және ұйымдардың қолданылмай тұрған өндiрiстiк жайлары мен объектiлерiн, офистiк жайларын (бұдан әрi - объект), сондай-ақ өткiзiлген тендерге сәйкес жалға немесе сенiмдi басқаруға берiлген құрылысы бiтпеген мемлекеттiк объектiлердi (бұдан әрi - құрылысы бiтпеген объектiлер) шағын кәсiпкерлiктiң субъектiлерiнiң меншiгiне берудiң шарттарын және тәртiбiн реттейдi.
Шағын кәсiпкерлiктiң субъектiлерiне, олардың ұсынған ақпараттарының негiзiнде қолданылмай тұрған өндiрiстiк жайларды таңдауы бойынша кейiннен меншiгiне беру құқығымен жалға немесе сенiмдi басқаруға берудi облыстық коммуналдық меншiк және жекешелендiру басқармасы төмендегiдей тәртiппен жүзеге асырады:
1. Шағын кәсiпкерлiктiң субъектiлерi облыстық коммуналдық меншiк және жекешелендiру басқармасына мыналарды ұсынады:
- жалға немесе сенiмдi басқаруға беру келiсiм-шартын жасасу құқығының тапсырысын;
- өндiрiстiк қызметпен айналысатын шағын кәсiпкерлiктiң субъектiсi ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өткенi туралы құжаттарын;
- жазбаша түрде, жеке конвертке салынған объектiнi өндiрiстiк мақсатта пайдалану жөнiндегi ұсыныстарын;
- мемлекеттiк кәсiпорындардағы қолданылмай тұрған өндiрiстiк жайлардың мен объектiлердiң, офистiк жайлардың тiзiлiмiнде таңдап алынған объектiнiң жоқтығы жөнiнде Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң жанындағы ақпараттық-есептеу орталығының анықтамасын. Ақпараттық-есептеу орталығының аумақтық бөлiмшесi анықтаманы кәсiпкер сұраған кезден бастап, 3-күндiк мерзiмде ұсынуы керек.
Барлық ұсынылған құжаттар облыстық коммуналдық меншiк және жекешелендiру басқармасында мiндеттi түрде тiркелуге тиiстi. Есеп жүргiзу үшiн, арнайы тiркеу журналы ашылады, онда түскен күнi мен уақыты көрсетiлiп, ұсынылған құжаттардың тiзiмi жазылады.
Тiркеу күнi мен уақыты, сондай-ақ шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң тапсырысында белгiленедi. Бұдан басқа кәсiпкерге тапсырыстың тiркелгенi туралы анықтама берiледi.
2. Коммуналдық меншiк және жекешелендiрудiң мекемеаралық комиссиясы 5-күндiк мерзiмде ұсынылған материалдар бойынша төмендегiдей бағалау өлшемдерiн басшылыққа ала отырып қарайды:
- жоғарыда көрсетiлген құжаттардың толық пакетiнiң болуы;
- объектiнi өндiрiстiк мақсат үшiн пайдалану;
- объектi бойынша қолданыстағы жалдау қатынасының болмауы;
- объектiге байланысты басқа қатынастардың жоқ болуы.
Кәсiпкерден түскен тапсырысты қарау қорытындысы комиссияның хаттамасымен ресiмделедi.
Облыстық коммуналдық меншiк және жекешелендiру басқармасы келiсiм-шарт жасасуға келiсiм бергенi немесе себептерiн көрсетiп (ұсынылған құжаттардың жиынтық пакетiнiң толық болмауы, кәсiпкердiң ұсынысында объектiнi өндiрiстiк мақсат үшiн пайдалану туралы ықыласының болмауы, қаралып отырған объектiде жалдау қатынасы бар болған жағдайда, қолданыстағы мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен жасалған жалға беру келiсiм-шартының реквизиттерi көрсетiледi және басқа жағдайларда) келiсiм бермегенi туралы кәсiпкерге жазбаша хабарлама жiбередi.
Мәселе жаратымды шешiлген жағдайда облыстық коммуналдық меншiк және жекешелендiру басқармасы мен шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң арасында 2 күннiң iшiнде жалға немесе сенiмдi басқаруға берудiң, мерзiмi бiр жылдық келiсiм-шарты жасалады. Жасалынатын келiсiм-шарттарда өндiрiстiк қызметтi, келiсiм-шарт жасалғаннан кейiн алты айдың iшiнде iске қоспаған болса, оның бұзылуға жататыны көзделуге тиiстi.
Қайтарылған объектiлер мен мүлiктер кейiннен сауда-саттыққа шығарылады.
3. Жалға немесе сенiмдi басқаруға беру келiсiм шарты талаптарының орындалуын бақылауды облыстық коммуналдық меншiк және жекешелендiру басқармасы жүзеге асырады.
Кәсiпкер жалға немесе сенiмдi басқаруға беру келiсiм шартының талаптарын тиiстi орындаған жағдайда объект меншiгiне берiледi. Меншiк құқығына кiрудi заңды түрде ресiмдеу облыстық коммуналдық меншiк және жекешелендiру басқармасы арқылы жүзеге асырылады.
4. Егер де бiр объектiге шағын кәсiпкерлiктiң бiрнеше субъектiлерiнен ақпарат келiп түссе, онда белгiленген тәртiп бойынша бiрiншi тапсырыс берген кәсiпкердiң ұсынысы қаралады. Тапсырыстың бiрiншi кезекте қаралуы, оның тiркелу күнi мен белгiленген уақытына сәйкес анықталады.
№ 4 Қосымша
Облыс әкiмиятының
2001 жылғы 23 қарашадағы
№ 99 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
Өндiрiстiк қызмет ұйымдастыру шарттарымен жалға немесе сенiмдi басқаруға берiлген коммуналдық меншiктегi мемлекеттiк кәсiпорындардың және ұйымдардың қолданылмай тұрған өндiрiстiк жайлары мен объектiлерiн, офистiк жайларын шағын кәсiпкерлiктiң субъектiлерiне меншiкке беру Ережесi
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 6 наурыздағы № 3398 «Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдауды күшейту және жандандыру жөнiндегi шаралар туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы «Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы» Заңына сәйкес әзiрленген және өндiрiстiк қызмет ұйымдастыру шарттарымен жалға немесе сенiмдi басқаруға мерзiмi бiр жылға берiлген мемлекеттiк кәсiпорындардың және ұйымдардың қолданылмай тұрған өндiрiстiк жайлары мен объектiлерiн, офистiк жайларын (бұдан әрi - объект), сондай-ақ өткiзiлген тендерге сәйкес жалға немесе сенiмдi басқаруға берiлген құрылысы бiтпеген мемлекеттiк объектiлердi (бұдан әрi-құрылысы бiтпеген объектiлер) шағын кәсiпкерлiктiң субъектiлерiнiң меншiгiне берудiң шарттарын және тәртiбiн реттейдi.
2. Шағын кәсiпкерлiктiң субъектiлерi объектiнi жалға немесе сенiмдi басқаруға беру келiсiм-шарты жасалған кезде белгiленген мерзiм өткеннен кейiн, объектiлердi өздерiнiң меншiгiне өтеусiз беру туралы арызды төмендегi шарттар бойынша беруге құқылы:
1) объектiнi жалға немесе сенiмдi басқаруға беру келiсiм-шартының талаптарын тиiстi орындағанда;
2) объектiнi өндiрiстiк қызмет ұйымдастыру үшiн пайдаланғанда.
3. Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң объектiнi жалға немесе сенiмдi басқаруға беру келiсiм-шартының талаптарын орындауына бақылауды жүзеге асыру үшiн облыстық коммуналдық меншiк және жекешелендiру басқармасының (бұдан әрi - Басқарма) мекемеаралық комиссиясы (бұдан әрi-Комиссия) құрылады.
Комиссия басқарманың тиiстi бұйрығымен құрылады.
Комиссияның төрағасы болып басқарма бастығы тағайындалады.
4. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң объектiнi жалға немесе сенiмдi басқаруға беру келiсiм-шарт талаптарын орындауына бақылауды жалға немесе сенiмдi басқаруға беру келiсiм-шарты жасалған кезден бастап алты ай өткеннен кейiн объектiнiң басына барып тексеру жүргiзу жолымен жүзеге асырады.
Құрылысы бiтпеген объектiлер бойынша шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң объектiнi жалға немесе сенiмдi басқаруға беру келiсiм-шарт талаптарын орындауына тексеру жүргiзудiң мерзiмiн, комиссия инвестиция мөлшерiне және салу кезеңдерiне, объектiнi пайдалануға беру мерзiмдерiне сәйкес белгiлейдi. Бұл ретте тексерулер жылына бiр реттен, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң саны 10 адамға дейiн болса - үш жылда бiр реттен жиi жүргiзiлмеуi керек.
5. Жүргiзiлген тексеру қорытындысы бойынша объектiнi жалға немесе сенiмдi басқаруға беру келiсiм-шартының талаптарын орындау және өндiрiстiк қызмет ұйымдастыру барысы туралы барлық комиссия мүшелерi қол қойған тұжырымдама жасалынады.
Комиссия тұжырымдамасында мiндеттi түрде мыналар болуы керек: тексеру жүргiзiлген уақыты мен орны, Комиссия құрамы, субъектiнiң аты, жасалған жалға немесе сенiмдi басқаруға беру келiсiм-шартының номерi мен уақыты, өндiрiстiк қызмет ұйымдастырғаны туралы дәлелi, жүргiзiлген тексеру қорытындысы, комиссияның объектiнi жалға немесе сенiмдi басқаруға беру келiсiм-шартын аяқталғанға дейiн бұзу (қалдыру) орындылығы туралы тұжырымдамасы.
Комиссия тұжырымдамасымен келiспеген жағдайда, комиссияның әрбiр мүшесi өзiнiң басқаша пiкiрiн бiлдiруiне болады және бұл тұжырымдамада көрсетiледi.
6. Қол қойылған тұжырымдаманың 1 данасы объектiнi жалға немесе сенiмдi басқаруға алуды жүзеге асырып жатқан шағын кәсiпкерлiктiң субъектiсiне 5 күннiң iшiнде, қолын қойып немесе тапсырынды хатпен берiлуге тиiстi.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi комиссия тұжырымдамасымен келiспеген жағдайда, ол заңда белгiленген тәртiппен комиссия тұжырымдамасына шағым беруге құқысы бар.
7. Жүргiзiлген тексеру қорытындылары бойынша басқарма мына шешiмдердiң бiреуiн қабылдайды:
1) объектiнi жалға немесе сенiмдi басқаруға беру келiсiм-шартының күшiн сақтау туралы;
2) объектiнi жалға немесе сенiмдi басқаруға беру келiсiм-шартын бұзу және объектiнi сауда-саттыққа шығару туралы.
Объектiнi жалға немесе сенiмдi басқаруға беру келiсiм-шартының күшiн сақтау туралы шешiм комиссияның жаратымды тұжырымдамасына сәйкес және объектiнi жалға немесе сенiмдi басқаруға беру келiсiм-шартының талаптарына байланысты өндiрiстiк қызметтi ұйымдастырғаннан кейiн ғана қабылдануы мүмкiн.
8. Объектiнi жалға немесе сенiмдi басқаруға беру келiсiм-шартының мерзiмi өткеннен кейiн шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң өндiрiстiк қызмет жүргiзгенi және жалға немесе сенiмдi басқаруға беру келiсiм-шартының басқа талаптарын орындағанын сипаттайтын дәлелдемелерiнiң негiзiнде басқарма мынадай шешiм қабылдайды:
1) объектiнi меншiкке беру туралы (жалға немесе сенiмдi басқаруға беру келiсiм-шартының мерзiмi 1 жылдан астам болған құрылысы бiтпеген объектiлер бойынша - жалға немесе сенiмдi басқаруға беру келiсiм-шартының күшiн сақтау туралы;
2) келiсiм-шартты бұзу туралы (құрылысы бiтпеген объектiлер бойынша - мерзiмiнен бұрын бұзу туралы және объектiнi тендерге шығару туралы.
Объектiнi меншiкке беру туралы шешiм жалға немесе сенiмдi басқаруға беру келiсiм-шартының талаптары толық орындалған жағдайда қабылдануы мүмкiн.
9. Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң меншiгiне объектiнi беру мемлекет меншiгiнiң объектiсiн өтеусiз беру туралы келiсiм-шарттың және алыс-берiс актiсiнiң негiзiнде жүзеге асырылады.
Мәмiленi тiркеу қолданылып отырған заңда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
10. Жалға немесе сенiмдi басқаруға беру келiсiм-шарты бұзылған жағдайда, объектi қайтарылып беруге тиiстi және ол тендерге (аукционға) шығарылады.
11. Объектiнiң сақталуын қамтамасыз етпегенi, орынды пайдаланбағаны және осы сияқты себептерге байланысты оған зиян келтiрiлген жағдайда шағын кәсiпкерлiктiң субъектiсi келтiрiлген материалдық залалдың орнын жабуға мiндеттi.
12. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер қолданылып отырған заңдарға сәйкес реттеледi.
№ 5 Қосымша
Облыс әкiмиятының
2001 жылғы 23 қарашадағы
№ 99 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
Коммуналдық меншiктегi қолданылмай тұрған объектiлердi кейiннен сатып алу құқығымен (сатып алу құқықсыз) сенiмдi басқаруға беру Ережесі
1. Жалпы ережелер
Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне және басқа нормативтiк-құқықтық актiлерге сәйкес әзiрленген және мемлекеттiк коммуналдық меншiктегi қолданылмай тұрған объектiлердi кейiннен сатып алу құқығымен (сатып алу құқығысыз) сенiмдi басқаруға берудiң негiзгi принциптерiн, тәртiбiн және облыс аумағындағы бiрыңғай тәртiптерiн белгiлейдi.
2. Негiзгi ұғымдар
1. Осы Ережеде төмендегiдей ұғымдар қолданылады:
1) сенiмдi басқару - мемлекеттiң объектiге иелену, пайдалану және басқару (иелiк ету құқығысыз) құқықтарын беруi;
2) сенiмдi басқаруға беру келiсiм-шарты - бұл келiсiм-шарт бойынша Басқарма Басқарушыға объектiнi уақытша иеленуге, пайдалануға берудi мiндетiне алады;
3) Басқарма - облыстық коммуналдық меншiк және жекешелендiру басқармасы-мүлiктiң иесi болып табылатын немесе меншiк иесi атынан шығатын келiсiм-шарттың бiр жағы;
4) Басқарушы - келiсiм-шартта мүлiктi уақытша иеленуге және пайдалануға алатын жақ;
5) сенiмдi басқаруға берiлетiн объектiлер - ведомстволық бағыныстылығына (балансына) қарамастан қолданылмай тұрған кәсiпорындар, ғимараттар мен құрылыстар, мемлекеттiк тұрғын үй емес қордың жайлары;
2. Объектiлердi сенiмдi басқаруға беру құқығы тек қана облыстық коммуналдық меншiк және жекешелендiру басқармасына (бұдан әрi - Басқарма) тиiстi.
3. Объектiлердi сенiмдi басқаруға беру тапсырыстарын қарау
3. Объектiлердi сенiмдi басқаруға беру тапсырысын барлық мемлекеттiк емес заңды және жеке тұлғалар бере алады. Тапсырыстар Басқармаға берiледi.
4. Келiп түскен тапсырыстарды қарауды және олар бойынша шешiмдер қабылдауды Басқарманың мекемеаралық комиссиясы жалпылама негiзде бiр ай мерзiм iшiнде жүзеге асырады.
5. Объектiлердi сенiмдi басқаруға беру туралы келiп түскен тапсырыстар мына құжаттар болған жағдайда қаралады:
1) объектiнiң қажет етiлуiнiң техникалық-экономикалық негiздемесi;
2) құрылтайлық құжаттарының нотариусте куәландырылған көшiрмелерi (заңды тұлғалар үшiн);
3) объектiнi белгiлi бiр мақсатпен пайдаланудың бағдарламалары;
6. Тапсырысты және келiп түскен құжаттарды қараудың нәтижелерi бойынша Басқарма мына шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
- объектiнi сенiмдi басқаруға белгiлi бiр мақсатпен беру туралы;
- осы объектi бойынша Басқарушыны конкурспен iрiктеп алу туралы;
- себептерiн жазбаша көрсете отырып, қабыл алмауы туралы;
Тапсырыс берушiлерге қойылған талаптарға қанағаттандырылған тапсырыстар екеу және одан көп болған жағдайда, объектi тек қана конкурс қорытындысымен сенiмдi басқаруға берiлуi мүмкiн.
4. Объектiнi сенiмдi басқаруға беру жөнiндегi конкурсты өткiзу тәртiбi
7. Конкурс өткiзу үшiн Басқарма комиссия құрып, оның құрамына жергiлiктi атқару органдарының, салық комитетiнiң, балансұстаушының өкiлдерi енгiзiледi. Басқарманың өкiлi комиссия төрағасы болып табылады.
8. Комиссия құрамы Басқарманың бұйрығымен бекiтiледi.
9. Комиссия Басқарманың белгiленген мерзiмiнде және оның жалдау объектiлерi туралы ұсынған мәлiметтерiнiң негiзiнде конкурс шарттарын әзiрлейдi.
10. Конкурс шарттарын Басқарма бекiтедi.
11. Басқарма ақпарат хабарлардың бұқаралық ақпарат құралдарында, конкурс өткiзiледi деп жарияланған уақытынан кемiнде 15 күн бұрын жариялануын қамтамасыз етедi.
12. Конкурс өткiзу туралы ақпарат хабарларда мынадай мәлiметтер болуға тиiс:
1) сенiмдi басқаруға беру мерзiмi;
2) конкурс шарттары;
3) сенiмдi басқаруға берiлетiн объектi туралы мәлiметтер, оның iшiнде тұрғылықты жерi, осымен қатар жалға берiлетiн объектi балансында тұрған мекеменiң атауы мен мекен-жайы;
4) конкурс өткiзiлетiн күнi, уақыты және орны;
5) конкурсқа қатысу тапсырыстарын қабылдау мерзiмi;
7) Басқарманың қалауы бойынша басқа да деректер.
13. Талапкер конкурсқа қатысу үшiн, Басқарма белгiлеген мерзiм iшiнде мыналарды ұсынуы қажет:
1) конкурсқа қатысу үшiн тапсырыс;
2) конкурс шарттарына сәйкес объектiнi пайдалану туралы ұсыныстары;
3) заңды тұлғалар - құрылтай құжаттарын және мемлекеттiк тiркеуден өткенiн дәлелдейтiн құжаттар;
4) жеке тұлғалар - паспорт деректерi.
14. Ұсынылған құжаттар пакетi толық болмағанда немесе тапсырыстарды қабылдау үшiн белгiленген мерзiм бұзылған жағдайда комиссия қатысу тапсырыстарын қабылдамауға құқылы.
15. Конкурсқа қатысушы:
1) конкурсқа жеке өзi немесе сәйкестендiрiлiп рәсiмделген сенiмхат негiзiнде өз өкiлдерi арқылы қатысуға;
2) конкурсқа шығарылатын объектi туралы қосымша мәлiметтердi, анықтауларды тегiн алуға;
3) объектiнi алдын-ала қарап шығуға;
4) өз құқығы бұзылған жағдайда сотқа жүгiнуге;
5) конкурс басталардан бiр тәулiк бұрын Басқарманы жазбаша хабарлай отырып, тапсырысын қайтып алуға құқылы.
16. Конкурсқа кемiнде екi қатысушы болған жағдайда, оны өткiзуге болады.
17. Конкурстың жеңiмпазы болып, ең жақсы шарттар ұсынған қатысушы белгiленеді.
18. Конкурс қорытындысы комиссия хаттамасымен рәсiмделiп, онда мыналар көрсетiледi:
1) комиссия құрамы;
2) конкурс шарттары;
3) конкурсқа қатысушылар туралы мәлiметтер мен олардың ұсыныстары;
4) конкурсқа қатысушылардың тiзiмi;
5) объектiнiң атауы;
6) конкурс жеңiмпазы;
7) сенiмдi басқаруға беру келiсiм-шартына қол қоюшы тараптардың мiндеттемелерi.
19. Конкурс нәтижелерi туралы хаттаманың көшiрмесi конкурс жеңiмпазына берiледi және ол сенiмдi басқаруға беру келiсiм-шартын жасасуға жеңiмпаздың құқығын куәландыратын құжат болып табылады.
20. Хаттамаға комиссияның барлық мүшелерi қол қойып, оны басқарма бекiтедi.
5. Жалға беру келiсiм-шартын рәсiмдеу тәртiбi
21. Конкурстың нәтижелерi бойынша немесе басқарма сенiмдi басқаруға белгiлi бiр мақсатпен беру туралы шешiм қабылдағаннан кейiн басқарушымен 10 күннiң iшiнде сенiмдi басқаруға беру келiсiм-шарты жасалынып, объектiнiң алыс-берiс актiсi бекiтiледi.
22. Басқарушы сенiмдi басқаруға беру келiсiм-шарты жасалған күннен бастап коммуналдық қызметтер ақысын төлейдi.
6. Объектiнi беру тәртiбi
23. Объектiнi басқарманың және объектi балансында тұрған мекеменiң өкiлеттi өкiлдерi актi бойынша берiп, онда мыналар көрсетiледi:
1) актiнiң жасалған орны мен уақыты;
2) Өкiлдердiң тараптар мүдделерiн бiлгiзуiне негiз болатын құжаттардың атауы мен реквизиттерi;
3) осыған сәйкес берiлетiн объектiнiң сенiмдi басқаруға беру келiсiм-шартының нөмiрi мен оған қол қойылған күнi;
4) берiлетiн объектiлердiң техникалық жағдайы, бұған қоса анықталған ақаулар тiзiмi көрсетiледi;
5) тараптардың мөрлерiмен куәландырылған, өкiлдердiң қолы.
24. Алыс-берiс актiсi үш дана етiп толтырылып, оның бiрi - басқармада сақталады, екiншiсi - басқарушыға, үшiншiсi - балансұстаушыға берiледi.
25. Сенiмдi басқаруға беру келiсiм-шартына өзара қол қойылғаннан кейiн басқарма объектiнi басқарушыға бiр айдан аспайтын мерзiмде берiлуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
26. Сатып алған кезде объектi үшiн төлемдер болып саналмайтын, коммуналдық қызмет төлемдерi, ағымдағы және күрделi жөндеуге бөлiнген қаражат, объектiге көрсетiлетiн қызмет үшiн төлемдердi басқарушы тiкелей ведомстволық күзетке, пайдалану, коммуналдық, санитарлық және басқа қызметтерге төлейдi.
7. Сенiмдi басқаруға беру келiсiм-шартын мерзiмiнен бұрын бұзу
27. Сенiмдi басқаруға беру келiсiм-шарты мерзiмiнен бұрын мына жағдайларда бұзылуы мүмкiн:
1) Басқарушының заңды тұлға ретiнде таратылуы;
2) Басқарушыға, оның жазбаша келiсiмiмен басқа объектiнiң берiлуi;
3) Басқарушының сенiмдi басқаруға беру келiсiм-шартының ережелерiн бұзуы;
4) Басқарушының жазбаша өтiнiшi;
5) заңда немесе келiсiм-шартта көзделген басқа жағдайларда.
8. Сенiмдi басқаруға беру келiсiм-шартына қойылатын қосымша талаптар
28. Сенiмдi басқаруға беру келiсiм-шартында мыналар көзделуге тиiстi:
1) Басқарманың мiндеттемелерi:
- объектiнi басқарушыға алыс-берiс актiсi бойынша келiсiм-шартта белгiленген мерзiмде беру;
- басқарушының объектiнi келiсiм-шартта көрсетiлген ретпен иеленуiне және пайдалануына бөгет келтiретiн әрекеттер жасамау;
2) Басқарушының мiндеттемелерi:
- объектiнi келiсiм-шарт ережелерiне сәйкес пайдалану;
- объектiнi күтiп ұстау, оның немесе онда орналасқан инженерлiк коммуникацияларды зақымдауы мүмкiн әрекеттер жасамау;
- объектiнiң зақымдалуына өзi кiнәлi болса, оны өз есебiнен жөндеу;
- Басқарманың жазбаша рұқсатынсыз бөлмелер орналасуының өзгертiлуiне немесе объектiнiң қайта жабдықталуына, онда орналасқан желiлер мен коммуникациялардың ауыстырылуына жол бермеу;
- объектiге және оның iргесiндегi жер учаскесiне басқарманың, санитарлық қадағалау қызметтерiнiң және ғимараттарды пайдалану тәртiбiне қатысты заңдар мен нормалардың сақталуын бақылайтын басқа да мемлекеттiк органдардың өкiлдерiн кiргiзу, тәртiп бұзушылық анықталған болса, оны олар белгiлеген мерзiмде түзеу;
- объектiнi келiсiм-шартта белгiленген мерзiмде қанағаттандырарлық күйiнде тапсыру.
29. Жалға беру келiсiм-шартының ережелерiн бұзғаны үшiн тараптар қолданылып жүрген заңдарға және келiсiм-шартқа сәйкес жауапты болады.
30. Басқарушыға басқарманың келiсiмiнсiз жүргiзген жақсартуларының құнын және объектiге зиян келтiрмей алынбайтын жақсартуларының құны төленуге тиiстi емес, егер де заңда немесе келiсiм-шартта басқаша көрсетiлмеген болса.
31. Тараптар жауапкершiлiктен заңда немесе келiсiм-шарт ережелерiнде көрсетiлген жағдайларда ғана босатылады.
9. Дауларды шешу
32. Сенiмдi басқаруға беру келiсiм-шартының жақтары осы Ереже бойынша реттелмеген барлық мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарының нормаларын басшылыққа алады.
33. Объектiнi келiсiм-шарт бойынша сенiмдi басқаруға беру кезiнде туған даулар екi жақтың өзара келiсiмiмен немесе сот тәртiбiмен қаралады.
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.