Облыстың 2001 жылғы 9 ай ішіндегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы
Облыстың 2001 жылғы 9 айының әлеуметтік-экономикалық қорытындысын қарап, әкімият отырысы экономикалық негізгі салаларда өндірістің тұрақтануы сақталуын, әлеуметтік салада оң өзгерістер бар екенін атап өтті.
Есеп беру кезеңі ішінде өнеркәсіп өнімінің нақты мөлшер индексі 106,9% құрады. Көп кәсіпорындар бойынша өндірістің өскені байқалуда, өнімнің маңызды түрлерін шығару көбейді.
Қалайсыз ауа райы жағдайында астық жинау аяқталды. Астық өнімі әр гектардан 13,7 ц. шықты. Бункерлік салмақпен 4,5 млн. тоннадан астам астық жиналды.
Мал шаруашылығында мал мен құстың басы өсті, өнім өндіру көбейді. Ауыл шаруашылық жалпы өнім мөлшері өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 23,5 % өсті.
Сонымен қатар, экономиканың дамуында кемшіліктер бар. Нан, май, ұн, арақ, спирт, электрқуаты, темір кені бойынша өндіріс мөлшері азайды. Өткен жылдың 9 айы деңгейіне Еңбекшілдер, Есіл, Зеренді, Целиноград аудандарының өнеркәсіп кәсіпорындары шықпады. Мал мен құс басы, облыстың ауыл шаруашылық кәсіпорындарында мал шаруашылығының өнімі баяу осуде. Күрделі құрылысқа инвестициялар 3,2 есе асты. Шағын бизнес субъектілерінің көбеюі байқалады. Олардың шығарған өнім мөлшері 1,5 есе, бюджетке салық пен төлемнің түсуі 22% өсті.
Салық және басқа міндетті төлем бойынша болжау 107,6% орындалды, оның ішінде республикалық бойынша 126%, жергілікті бюджетке салық төлеу жоспары орындалмаған (Көкшетау қаласы-97%, Степногорск-89%, Қорғалжын-96%, Целиноград-94%, Егіндікөл-91%, Астрахан мен Сандықтау - 87%). Салықтың жеке түрлері бойынша бюджетке 1,2 млрд. теңге түспеді, шардан жергілікті бюджетке - 781 млн. теңге, оның ішінде акциздер бойынша - 709 млн, теңге, ҚҚС - 50 млн. теңге, әлеуметтік салық - 122 млн. теңге.
Шаруашылық жүргізетін субъектілердің еңбекақы бойынша қарызы көп.
Ресми жұмыссыздық деңгейі 1,3 пунктке қысқарып, 3,5% құрастырды. Әлеуметтік-экономикалық дамуды жақсарту үшін облыс әкімияты қаулы етеді:
1. Аудандандар мен қалалардың әкімдері, облыстық басқармалар мен ұйымдар 2001 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы кәсіпорындар жұмысын талдасын;
- оны жақсарту жөнінде нақты шаралар көзделсін, жыл қорытындысы бойынша 2000 жылдың деңгейіне жететін негізгі көрсеткіштер өсірілсін;
- ҚР тәуелсіздігінің 10 жылдығын тойлауға әзірленген шаралардың мүлтіксіз орындалуы қамтамасыз етілсін;
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектілерін қысқы жағдайда жұмыс істеуге әзірлігін бақылау қолданылсын;
- шағын бизнесті несиелеуге қарастырылған жергілікті бюджет қаражатын толық игеру жөнінде шаралар қолданылын.
- шағын бизнес субъектілері бойынша салық комитетімен және статистика органдарымен қосылып мәліметтердің бірыңғай базасын қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастырылсын.
- салық түрлері бойынша түсім жоспарының сапалы орындалуын тұрақты бақылауға алсын;
- кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жүргізу жөнінде аймақтық бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету, ай сайын көзделген шаралардың орындалу барысы тыңдалсын;
- бюджеттік несиенің қайтарылуын қамтамасыз етілсін.
2. Өнеркәсіп, сауда, көлік және коммуникация басқармасы, қала және аудан әкімдері:
- өнім шығару мөлшері бойынша жіберілген шегінуді жою бойынша шаралар қабылдасын, өнеркәсіп өнімінің нақты мөлшері индексін жыл қорытындысы бойынша 100% кем емес қамтамасыз етсін;
- тұралап қалған кәсіпорындарды жандандыру және жаңа кәсіпорындарды құру кестесінің орындауды қамтамасыз етілсін;
- республикалық импорторналастыру бағдарламасын орындауға облыс кәсіпорындарының қатысуын белсенділендірсін.
3. Өнеркәсіп, сауда, көлік және коммуникация, ауыл шаруашылық басқармалары, қала және аудан әкімдері кәсіпорындардың ауыл шаруашылық шикізатын өңдеу бойынша жұмысына ерекше назар аударсын, 2001 жылғы орақ астығының барлығын есепке ала отырып 2002 жылдың аяғына дейін диірменнің тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз етсін, спирт-арақ өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысын тұрақтандырсын, ет комбинатында мал етін өңдеу екпіні күшейтілсін.
4. Өнеркәсіп, сауда, көлік және коммуникация басқармасы, Степногорск қаласының әкімі «КазСабтон» ЖАҚ атқарушы дирекциясымен бірігіп осы кәсіпорынның жұмысын талдасын және өнімнің маңызды түрлері бойынша жіберілген шегіністі жою жөнінде шаралар қолдансын.
5. Облыстық ауыл шаруашылық басқармасы, аудан әкімдері:
- 2000 жылдың егін егу науқанын өткізу үшін қажет мөлшерде тұқым сақтауға шаралар қолдансын;
- күзгі дала жұмыстарын аяқтасын;
- мал басын көбейтуге шаралар қолдансын және қыстатуды ұйымшылдықпен өткізсін;
- сатып алынған ЖЖМ және тұқым несиесінің қарызы төленсін.
6. Облыстық автомобиль жолдары басқармасы (Долгих Г.В.), сәулет, құрылыс, тұрғын үй - коммуналдық және жол шаруашылығы басқармасы (Рыспаев А.М.), Ақмола «Қазақавтожол» РМК филиалы (Құлышев Б.Ш.), аудан әкімдері автожолдың облыстық желісін күзгі - қысқы кезеңде пайдалануға әзірлеу бойынша қажетті шаралар қолдансын.
7. Облыстық қаржы басқармасы (Савицкий Д.Е.):
- бюджет ұйымдары бойынша дебиторлық және кредиторлық қарызды азайтсын;
- ҚР «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңына сәйкес бюджет қаражатының нысаналы пайдалануына бақылауды қамтамасыз етсін.
8. Салық комитеті (РайымбаевА.Х.):
- салықтар мен бюджет түрлері бойынша түсім жоспарын сапалы орындау жөнінде әрекетті шаралар қолданылсын;
- қарыздары көптерге берешектерін өтеткізу жөніндегі жұмыстарды жандандырсын.
9. Осы қаулының орындалуын бақылау қадағалайтын салалары бойынша облыс әкімінің орынбасарларына жүктелсін.
Ақмола облысының әкімі
С.Кулагин
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.