Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 6 қазан 2002 ж.

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

    1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің

    2001 жылғы 22 қыркүйектегі

    N 1222 қаулысымен бекітілген

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

    1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.10.07. N 1096 қаулысымен.

    2. "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 56, 627-құжат):

    көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

    ІV "Шығыстар" бөлімінде:

    10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау" функционалдық тобында:

    9 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзге де қызметтер" ішкі функциясында:

    212 "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі" әкімшісінде:

    1 "Әкімшіліктік шығыстар" бағдарламасында:

    1 "Орталық органның аппараты" кіші бағдарламасында, 3-бағандағы "91 870" деген сан "94 837" деген санмен ауыстырылсын;

    2 "Аумақтық органның аппараттары" кіші бағдарламасында, 3-бағандағы "1 239 300" деген сан "1 236 333" деген санмен ауыстырылсын.

    3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.01.11. N 39 қаулысымен.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.