«2016 жылға мектепке дейінгі тәрбиемен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы» Шиелі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 02 қыркүйектегі №871 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы» Шиелі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 02 қыркүйектегі №871 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5589 нөмірімен тіркелген, 2016 жылы 09 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулының 1, 2 - қосымшалары осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шиелі ауданы әкімінің орынбасары А. Есмахановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болған қатынастарға таралады.
Шиелі ауданының әкімі
Қ. Сәрсенбаев
Шиелі ауданы әкімдігінің
2016 жылғы “25” қазандағы
№ 902 қаулысына 1- қосымша
Шиелі ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 02 қыркүйектегі
№871 қаулысына 1-қосымша
2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
|
№
|
Аудан атауы
|
Мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен мектепке дейінгі ұйымдарға орналастырылатын балалар саны
|
|
1
|
Шиелі ауданы
|
3790
|
Шиелі ауданы әкімдігінің
2016 жылғы “25” қазандағы
№ 902 қаулысына қосымша
Шиелі ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 02 қыркүйектегі
№871 қаулысына 2-қосымша
2016 жылға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері
|
№
|
Аудан атауы
|
Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығын (теңге)
|
|
|
1
|
Шиелі ауданы
|
Балабақша (мемлекеттік/жеке меншік)
|
Шағын орталық
|
|
24240 теңге
|
20374 теңге
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.