2016 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 қыркүйек 2016 ж.

    2016 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына, « Халықты жұмыспен қамту туралы » Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабы 6) тармақшасына сәйкес, мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында, Т.Рысқұлов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден үш пайызға дейінгі мөлшерiнде 2016 жылға мүгедектер үшiн жұмыс орындарына қосымшаға сәйкес квота белгiленсін.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Дайрабаев Берік Тынышбекұлына жүктелсін.

    3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы

    М.Тлепов

    Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің

    2016 жылғы ͈30" қыркүйектегі

    № 326 қаулысына қосымша

    2016 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізбесі

    Ұйымның атауы
    Жұмыс орындары-ның саны
    Квота мөлше-рі
    Квота белгіленген жұмыс орындары-ның саны
    1.
    «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    70
    2%
    1
    2.
    «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    116
    3%
    3
    3.
    «Нұрдәулет» шаруа қожалығы
    50
    2%
    1
    Барлығы:
    236
    5

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.