2016 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінім беру мерзімдерін айқындау туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 10 қаңтар 2017 ж.

    2016 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінім беру мерзімдерін айқындау туралы

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы №4-3/177 бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының 10 тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11094 тіркелген), Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. 2016 жылы субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізіміне қосу үшін өтінімді ұсыну мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

    2. Осы қаулының орындалуына бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Баймұхановқа жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 21 қазанынан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

    Қала әкімі

    Ғ.Әбдірахымов

    Шымкент қаласы

    әкімдігінің

    2016 жылғы

    «20» қазандағы

    №2053 қаулысына

    қосымша

    2016 жылы субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізіміне қосу үшін өтінімді ұсыну мерзімдері

    Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы
    Өтінімді қабылдау мерзімдері
    1.
    Дәндік жүгері
    2016 жылдың 21 қазанынан 21 қарашасына дейін
    2.
    Майлы дақылдар (мақсары, күнбағыс)
    2016 жылдың 21 қазанынан 21 қарашасына дейін
    3.
    Картоп
    2016 жылдың 21 қазанынан 21 қарашасына дейін
    4.
    Ашық топырақтағы көкөніс және бақша дақылдары
    2016 жылдың 21 қазанынан 21 қарашасына дейін
    5.
    Өнеркәсіп үлгідегі тамшылатып суғару әдісін қолдана отырып өсірген көкөніс және бақша дақылдары
    2016 жылдың 21 қазанынан 21 қарашасына дейін
    6.
    Бірінші жыл егілген жем шөптік көп жылдық дақылдар
    2016 жылдың 21 қазанынан 21 қарашасына дейін
    7.
    Өнеркәсіптік үлгідегі жылыжайлардағы қорғалған топырақ көкөністері
    2016 жылдың 21 қазанынан 1 желтоқсанға дейін
    8.
    Фермерлік жылыжайлардағы қорғалған топырақ көкөністері
    2016 жылдың 21 қазанынан 1 желтоқсанға дейін

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.