Жер салығының базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Жер салығының базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы

    Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 387-бабының 1-тармағына сәйкес және жерлерді аймақтарға бөлу жобалары (схемалары) негізінде Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 381-бабында белгіленген жер салығының базалық салық мөлшерлемелеріне осы шешімнің қосымшасына сәйкес түзету жүзеге асырылсын.

    Осы тармақтың бірінші абзацының ережелері «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 386-бабында   көрсетілген жер учаскелеріне қолданылмайды.

    2. Осы шешім 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

    Сессия төрайымы

    В. Кожуховская

    Аудандық мәслихаттың хатшысы

    Қ. Арықов

    «Қазақстан Республикасы Қаржы

    министрлігінің Мемлекеттік кірістер

    комитеті Қостанай облысы бойынша

    Мемлекеттік кірістер департаментінің

    Меңдіқара ауданы бойынша Мемлекеттік

    кірістер басқармасы» республикалық

    мемлекеттік мекемесінің басшысы

    ___________________А.Амантаев

    2016 жылғы «23» қыркүйек

    «Меңдіқара ауданының жер

    қатынастары бөлімі» мемлекеттік

    мекемесінің басшысы

    ___________________Ә.Қошанов

    2016 жылғы «23» қыркүйек

    Мәслихаттың

    2016 жылғы 23 қыркүйектегі

    № 46 шешіміне

    қосымша

    Елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) жер салығының базалық салық мөлшерлемелерін түзету

    Аймақ №
    Жер салығының базалық мөлшерлемелерін төмендету (-) немесе жоғарылату (+) пайызы
    Аймаққа кіретін қадастрлық кварталдардың нөмірі мен атауы (ауылдық округтер бойынша)
    1
    2
    3
    1
    -50
    -
    2
    -40
    -
    3
    -30
    Қарақоға ауылдық округі: Құлшықай ауылы 015
    Қарақоға ауылдық округі: Төлеңгүт ауылы 015
    Қарақоға ауылдық округі: Байғожа ауылы 015
    4
    -20
    Қарақоға ауылдық округі: Жарқайың ауылы 015
    5
    -10
    Борков ауылдық округі: Татьяновка ауылы 037
    Введен ауылдық округі: Каменка ауылы 009
    6
    0
    Ломоносов ауылдық округі: Шиелі ауылы 032
    Краснопреснен ауылдық округі: Балықты ауылы 018
    Краснопреснен ауылдық округі: Лоба ауылы 018
    7
    +10
    Алешин ауылдық округі: Алқау ауылы 025
    8
    +20
    Буденный ауылдық округі: Қызылту ауылы 022
    Введен ауылдық округі: Загаринка ауылы 009
    Краснопреснен ауылдық округі: Молодежное ауылы 018
    Каменскорал ауылдық округі: Ақсуат ауылы 032
    9
    +30
    Ломоносов ауылдық округі: Қасқат ауылы 011
    Первомай ауылдық округі: Красносельское ауылы 029
    Соснов ауылдық округі: Никитинка ауылы 035
    10
    +40
    Қарақоға ауылдық округі: Ұзынағаш ауылы 014
    Ломоносов ауылдық округі: Қарамай ауылы 012
    Михайлов ауылдық округі: Архиповка ауылы 041
    Соснов ауылдық округі: Приозерное ауылы 035
    11
    +50
    Боровское ауылы 001-006
    Алешин ауылдық округі: Алешинка ауылы 025
    Алешин ауылдық округі: Молодежное ауылы 024
    Буденный ауылдық округі: Буденновка ауылы 022
    Введен ауылдық округі: Введенка ауылы 008
    Борков ауылдық округі: Борки ауылы 037
    Краснопреснен ауылдық округі: Красная Пресня ауылы 017
    Каменскорал ауылдық округі: Каменскуральское ауылы 031
    Ломоносов ауылдық округі: Көктерек ауылы 032
    Михайлов ауылдық округі: Михайловка ауылы 039
    Михайлов ауылдық округі: Степановка ауылы 041
    Первомай ауылдық округі: Первомайское ауылы 027, 028
    Первомай ауылдық округі: Ивановка ауылы 029
    Первомай ауылдық округі: Долбушка ауылы 029
    Первомай ауылдық округі: Лесное ауылы 035
    Теңіз ауылдық округі: Теңіз ауылы 020
    Теңіз ауылдық округі: Новониколаевка ауылы 020
    Соснов ауылдық округі: Харьковское ауылы 034
    Первомай ауылдық округі: Чернышевка ауылы 029
    Соснов ауылдық округі: Сосна ауылы 035

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.