Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 37-бабының 8-тармағына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) «Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 шілдедегі №38/02 «Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №02/02 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2957 болып тіркелген);
2) Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 мамырдағы № 25/11 «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 02 наурыздағы №09/06 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3076 болып тіркелген).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік жасайтын облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Қарағанды облысының әкімі
Н. Әбдібеков
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.