Көшелерге атау беру туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына сәйкес және облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 2 тамыздағы қорытындысы негізінде Аққыстау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Исатай ауданы, Аққыстау ауылдық округі, Аққыстау ауылындағы:
1) № 4 көшеге «Қисмет Меңдіғалиевтың» есімі ;
2) № 5 көшеге «Ислаш Молдағалиевтың» есімі;
3) № 6 көшеге «Шапхат Хұсыновтың» есімі;
4) № 7 көшеге «Дәулет Әбілхайыровтың» есімі;
5) № 8 көшеге «Ғаллам Хисметуллиннің» есімі;
6) № 9 көшеге «Жәңгір ханның» есімі;
7) № 10 көшеге «Зұлхарнай Ғұмаровтың» есімі;
8) № 11 көшеге «Тұрғали Мусағалиевтың» есімі;
9) № 12 көшеге «Әзмұхан Ерекеновтың» есімі;
10) № 13 көшеге «Елорда» атауы
11) № 14 көшеге «Бірлік» атауы;
12) № 15 көшеге «Каспий» атауы;
13) № 16 көшеге «Қаратүбек» атауы;
14) № 17 көшеге «Есіркеп» атауы;
15) № 18 көшеге «Шыныбек» атауы берілсін.
2. Исатай ауданы, Аққыстау ауылдық округі, Өркен елді мекеніндегі:
1) № 1 көшеге «Жалтыр» атауы;
2) № 2 көшеге «Қазына» атауы;
3) № 3 көшеге «Болашақ» атауы берілсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Аққыстау ауылдық округі әкімінің орынбасары М.Хисметуллинге жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аққыстау ауылдық округінің әкімі
А.Хайдаров
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.