Сарайшық ауылының атаусыз көшелеріне атаулар беру туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 19 қыркүйек 2016 ж.

    Сарайшық ауылының атаусыз көшелеріне атаулар беру туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35, 37-баптарына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Сарайшық ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып және Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 13 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Сарайшық ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Сарайшық ауылының атаусыз көшелеріне келесі атаулар берілсін:

    1) Сарайшық ауылының шығыс бетіндегі солтүстіктен оңтүстікке қарай орналасқан көшеге «Жаңа ауыл» атауы;

    2) М.Әуезов көшесіне батыс жағынан параллель көшеге «Сабыр Қазыбаев» есімі;

    3) Сарайшық ауылының оңтүстік бетіндегі шығыстан батысқа қарай орналасқан көшеге «Наурыз» атауы;

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Ауылдық округ әкімі

    А.Мастекова

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.