Жақсы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 тамыздағы «Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» № 5С-19-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Жақсы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 тамыздағы «Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» № 5С-19-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген, әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

    1. Жақсы аудандық мәслихатының «Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» 2013 жылғы 26 тамыздағы № 5С-19-3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3809 тіркелген, 2013 жылдың 4 қазандағы аудандық «Жақсы жаршысы» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

    осы аталған шешіммен бекітілген, Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:

    1 бөлімдегі 2 тармақтың 9) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

    «9) уәкілетті ұйым - «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша орталығы - «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» Департаменті Жақсы аудандық бөлімшесі;»;

    3 бөлімдегі 12 тармақтың 1) тармақшасының 7 азат жолы жаңа редакцияда баяндалсын:

    «ақылы түрде жоғары медициналық оқу орнының күндізгі бөлімінде оқитын ауылдық елді мекендердегі аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге, жылына бір рет жылдық оқу ақысы көлемінде, оқу орнымен жасалған келісім шарттың нотариуспен куәландырылған көшірмесі негізінде, оқу орнынан анықтама және осы категорияны анықтайтын анықтама, аудан әкімімен, жұмыс беруші мен студент арасындағы нотариуспен куәландырылған келісімшарт негізінде көмек көрсетіледі;».

    2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Жақсы аудандық мәслихаты сессиясының төрағасы

    ____________ Б. Жанәділов

    Жақсы аудандық мәслихатының хатшысы

    ____________ Б. Жанәділов

    «КЕЛІСІЛГЕН»

    Жақсы ауданының әкімі

    ______________ Қ. Сүйіндіков

    2016 жыл «06» _____10_____

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.