Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 336 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148 Заңының 37- бабының 8-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің «Қаратал ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» 2015 жылғы 19 маусымдағы № 336 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 22 шілдеде № 3301 тіркелген, «Қаратал» газетінде 2015 жылғы 14 тамыздағы № 33 (7349) нөмірінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Күлпаш Ізмұқанқызы Байтаеваға жүктелсін.
Аудан әкімі
Қ. Бисембаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.