"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына толықтыру енгізу туралы

    ЖаңаКонституциялық Заң
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 2 қаңтар 2012 ж.

    "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына толықтыру енгізу туралы

    1-бап. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы» 2000 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 10, 232-құжат; 2010 ж., № 11, 55-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

    1-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

    «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы өзінің мәртебесі бойынша айрықша ерекшелік белгісі - Алтын жұлдыз және «Отан» ордені тапсырыла отырып, «Халық қаһарманы» (Народный герой) атағының иегері болады.».

    2-бап. Осы Конституциялық заң қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына толықтыру енгізу туралы Конституциялық заңға Қазақстан Республикасының Президенті қол қоймаған, бірақ «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңының 19-бабына сәйкес оған қол қойылған деп есептеледі, соған байланысты ол күшіне енді және қолданысқа енгізілді.

    Конституциялық заң Парламент Сенатының Төрағасы және Премьер-Министрдің қолдарымен бекітілген, бұл Конституцияның 45-бабының 3-тармағына сәйкес аталған Конституциялық заңның заңдық дұрыстығы және осы лауазымды тұлғалардың оның заңдылығы үшін заңдық жауапкершілігі туралы куәландырады.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.