Шахтинск қалалық маслихатының 2015 жылғы 9 сәуірдегі XХXIII сессиясының № 1115/33 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Шахтинск қалалық маслихатының 2015 жылғы 9 сәуірдегі XХXIII сессиясының № 1115/33 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылдың 14 сәуірдегі № 215 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысына сәйкес, қалалық маслихат ШЕШТІ:

    1. Шахтинск қалалық маслихатының 2015 жылғы 9 сәуірдегі XХXIII сессиясының № 1115/33 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3182 тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 15 мамырда № 19 «Шахтинский вестник» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген шешіммен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

    5- тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.

    2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Сессия төрағасы

    С. Суханова

    Маслихат хатшысы

    Ж. Мамерханова

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.