Басқұдық ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына сәйкес, Басқұдық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Басқұдық селолық округі әкімінің кейбір шешімдеріне келесідей өзгерістер енгізілсін:
1) 2008 жылғы 25 маусымдағы № 1 мемлекеттік тіліндегі «Көшелерге атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-2-54 болып тіркелген, 2008 жылдың 21 тамызында аудандық «Жаңалық жаршысы» газетінде жарияланған) мемлекеттік тіліндегі шешімінде:
кіріспесінде «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы» қаулысына» сөздері алынып тасталсын;
шешімнің мемлекеттік тіліндегі деректемелері мен бүкіл мәтіні бойынша «селолық» сөзі тиісінше «ауылдық» сөзімен ауыстырылсын.
2) 2011 жылғы 3 қыркүйектегі № 8 мемлекеттік тіліндегі «Басқұдық селосының көшелеріне атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-2-115 болып тіркелген, 2011 жылдың 13 қазанда аудандық «Жаңалық жаршысы» газетінде жарияланған) шешімінде:
мемлекеттік тіліндегі шешімнің деректемелері, атауы және бүкіл мәтіні бойынша «селолық», «селосының», «село» сөздері тиісінше «ауылдық», «ауылының» , «ауыл» сөздерімен ауыстырылсын.
көрсетілген шешімнің 2 тармағы алынып тасталынсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқұдық ауылдық округінің әкімі
А. Киялов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.