Талас ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары, индекстері және тізбесін бекіту туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Талас ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары, индекстері және тізбесін бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі "Автомобиль жолдары туралы" Заңының 6 бабының 2 тармағына және 3 бабының 7 тармағына сәйкес, аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын пайдалану және жөндеуді қамтамасыз ету мақсатында Талас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Талас ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары, индекстері және тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. "Талас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен, осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Серік Ералыұлы Дадабаевқа жүктелсін.

    Аудан әкімі

    Б.Рысмендиев

    «Талас ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары, индекстері және тізбесін бекіту туралы» Талас ауданы әкімдігінің 2016 жылғы «13» қыркүйектегі № 345 қаулысына келісім парағы

    Келісілді

    Жамбыл облысы әкімдігінің

    құрылыс, жолаушылар көлігі

    және автомобиль жолдары

    басқармасының басшысы

    Ә.Ахатаев

    «19» қыркүйек 2016 жыл

    Талас ауданы әкімдігінің

    2016 жылғы «13» қыркүйектегі

    № 345 қаулысына қосымша

    Талас ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары, индекстері және тізбесі

    Автомобиль жолдары
    Индекс
    Атауы
    Ұзақтығы (шақырым)
    1
    KH-TL-1
    Ойық - Бөлтірік шешен – Көшек батыр - Үшарал (0-41)
    41
    2
    KH-TL-2
    Тұрымқұл ауылына кіре беріс (0-1,3)
    1,3
    3
    KH-TL-3
    С.Шәкіров ауылына кіре беріс (0-21)
    21
    4
    KH-TL-4
    Ақкөл-Талапты (0-32)
    32
    5
    KH-TL-5
    Қайыр ауылына кіре беріс (0-4)
    4
    6
    KH-TL-6
    Қайыр - Арал (0-9,8)
    9,8
    7
    KH-TL-7
    Майтөбе ауылына кіре беріс (0-1,1)
    1,1
    8
    KH-TL-8
    Қожағаппар ауылына кіре беріс (0-2,3)
    2,3
    9
    KH-TL-9
    Қызыләуіт ауылына кіре беріс (0-6,2)
    6,2
    10
    KH-TL-10
    Ақтөбе ауылына кіре беріс (0-3)
    3
    11
    KH-TL-11
    Қойгелді – Көктал - Ақсай (0-36)
    36
    12
    KH-TL-12
    Қаратау – Қасқабулақ – Есейхан - Көктал шипажайы (0-45,2)
    45,2
    13
    KH-TL-13
    Есейхан - Қараой (0-18)
    18
    14
    KH-TL-14
    Аэропортқа кіре беріс (0-3)
    3
    15
    KH-TL-15
    Аққұм ауылына кіре беріс (0-6)
    6
    16
    KH-TL-16
    Қараой ауылына кіре беріс (0-8,6)
    8,6
    17
    KH-TL-17
    Майтөбе - Қаратау (0-4,1)
    4,1
    18
    KH-TL-18
    Ерназар - Қойгелді (9-24,1)
    11,4
    19
    KH-TL-19
    Көктал - Қаратау (0-2,1)
    2,1
    Барлығы
    256,1

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.