Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

    Күші жойылғанӘкімнің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ойыл аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2016 жылғы 06 қыркүйектегі № ВО 3-4/134 ұсынысы негізінде Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Ұсақ мүйізді малдарының арасынан пастереллез ауруының анықталуына байланысты Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округінің Қаратал ауылы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округ әкімі

    А. Мубараков

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.