Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 12 шілдедегі «Субсидияланатын гербицидтердің түрлерін және субсидиялардың нормаларын бекіту туралы» № 228/5 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 12 шілдедегі «Субсидияланатын гербицидтердің түрлерін және субсидиялардың нормаларын бекіту туралы» № 228/5 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларына сәйкес, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 12 шілдедегі «Субсидияланатын гербицидтердің түрлерін және субсидиялау нормаларын бекіту туралы» № 228/5 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5173 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 шілдеде «Сарыарқа самалы», «Звезда Прииртышья» газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес 186, 187, 188, 189, 190, 191, 192, 193, 194, 195-жолдармен толықтырылсын.

    2. «Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

    осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

    осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

    осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Қ. Қасеновқа жүктелсiн.

    4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Облыс әкімі

    Б. Бақауов

    Павлодар облысы әкімдігінің

    2016 жылғы «7» қазандағы

    № 305/7 қаулысына қосымша

    «

    186
    Арбалет 60%, с.ұ. (метсульфурон-метил, 600 г/кг)
    кило-грамм
    50
    25000,0
    187
    Эстер, 85% э.к. (2,4-Д 2-этилгексил эфирі түріндегі қышқыл, 850 г/л)
    литр
    50
    2000,0
    188
    Дикамин Д 72%, в.р. (амин тұзы 2,4-Д)
    литр
    50
    1500,0
    189
    Триумф, 48% в.р. (глифосат, 360 г/л)
    литр
    50
    1500,0
    190
    Триумф макс, в.р. (глифосат, 540 г/л)
    литр
    50
    2000,0
    191
    Игл 10%, к.э. (феноксапроп-п-этил, 100 г/л + клоквинтоцет-мексил (антидот), 27 г/л)
    литр
    50
    4250,0
    192
    Либерти 8%, к.э. (клодинафоп-пропаргил, 80 г/л + клоквинтоцет-мексил (антидот), 20 г/л)
    литр
    50
    4250,0
    193
    Самурай, в.р. (клопиралид, 300 г/л)
    литр
    50
    7000,0
    194
    Респект, в.д.г. (трибенурон-метил, 750 г/кг)
    кило-грамм
    50
    37500,0
    195
    Торнадо 500, в.р. (глифосат, 500 г/л)
    литр
    50
    1558,5
    »

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.