Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша субсидия алуға өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 12 желтоқсан 2016 ж.

    Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша субсидия алуға өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығына сәйкес, Байзақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша субсидия алуға өтінімді ұсыну мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Дулат Әбенұлы Сұлтанбековке жүктелсін.  

    3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енедi және оның ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    М.Шүкеев

    Байзақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 462 қаулысына қосымша

    Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша субсидия алуға өтінімді ұсыну мерзімдері

    Басым ауыл шаруашылығы дақылдары
    Өтінімді ұсыну мерзімдерінің басталуы
    Өтінімді ұсыну мерзімдерінің аяқталуы
    1.
    Қант қызылшасы 1 гектарға
    20.10.2016 жыл
    20.11.2016 жыл
    2.
    Қант қызылшасы 1 тоннаға
    01.11.2016 жыл
    01.12.2016 жыл
    3.
    Қорғалған топырақтағы көкөніс (фермерлік үлгідегі жылыжай)
    20.10.2016 жыл
    20.11.2016 жыл
    4.
    Қорғалған топырақтағы көкөніс (өнеркәсіптік үлгідегі жылыжай)
    20.10.2016 жыл
    20.11.2016 жыл
    5.
    Қант қызылшасы 1 гектарға, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі спринклерлік суару жүйелерін
    қолдану арқылы
    20.10.2016 жыл
    20.11.2016 жыл
    6.
    Қант қызылшасы 1 тоннаға, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі спринклерлік суару жүйелерін қолдану арқылы
    01.11.2016 жыл
    01.12.2016 жыл
    7.
    Майлы дақылдар
    20.10.2016 жыл
    20.11.2016 жыл
    8.
    Дәндік жүгері, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі спринклерлік суару жүйелерін қолдану арқылы
    20.10.2016 жыл
    20.11.2016 жыл
    9.
    Дәндік жүгері
    20.10.2016 жыл
    20.11.2016 жыл
    10.
    Көпжылдық шөптер (таза егіс)
    20.10.2016 жыл
    20.11.2016 жыл
    11.
    Екінші, үшінші жылғы көпжылдық шөптер
    20.10.2016 жыл
    20.11.2016 жыл
    12.
    Көп жылдық шөптер, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі спринклерлік суару жүйелерін қолдану арқылы
    20.10.2016 жыл
    20.11.2016 жыл
    13.
    Сүрлемдік жүгері
    20.10.2016 жыл
    20.11.2016 жыл
    14.
    Картоп
    20.10.2016 жыл
    20.11.2016 жыл
    15.
    Сүрлемдік жүгері, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі спринклерлік суару жүйелерін қолдану арқылы
    20.10.2016 жыл
    20.11.2016 жыл
    16.
    Күздік бидай
    15.12.2016 жыл
    20.12.2016 жыл
    17.
    Жаздық арпа
    15.12.2016 жыл
    20.12.2016 жыл
    18.
    Ашық топырақтағы көкөніс
    15.12.2016 жыл
    20.12.2016 жыл

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.