«Алтықарасу селосындағы көше атауын өзгерту туралы» 2010 жылғы 20 қазандағы № 12 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 қыркүйек 2016 ж.

    «Алтықарасу селосындағы көше атауын өзгерту туралы» 2010 жылғы 20 қазандағы № 12 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 121-V «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Респуликасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына сәйкес Алтықарасу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Алтықарасу ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 20 қазандағы № 12 мемлекеттік тіліндегі «Алтықарасу селосындағы көше атауын өзгерту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-10-135 болып тіркелген, 2010 жылғы 26 қарашада «Темір» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген мемлекеттік тіліндегі шешімнің деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтіні бойынша «селолық», «селосындағы» сөздері «ауылдық», «ауылындағы» сөздерімен ауыстырылсын.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Алтықарасу ауылдық округінің әкімі

    М. Шуиншалин

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.