Байқоныс ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 23 сәуірдегі «Байқоныс ауылдық округінің Қызылтаң ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» № 6 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 25 шілде 2013 ж.

    Байқоныс ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 23 сәуірдегі «Байқоныс ауылдық округінің Қызылтаң ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» № 6 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21-1-бабына сәйкес, Качир ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы міндетін атқарушының 2013 жылғы 23 шілдедегі № 1-13/503 ұсынымхаты негізінде ШЕШІМ қабылдаймын:

    1. Ветеринарлық-санитарлық іс-шаралардың өткізілуіне байланысты Качир ауданы Байқоныс ауылдық округінің Қызылтаң ауылы аумағында ауылшаруашылық жануарлардың құтырумен ауыру фактісі бойынша шектеу іс-шаралары тоқталсын.

    2. Качир ауданы Байқоныс ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 23 сәуірдегі «Байқоныс ауылдық округінің Қызылтаң ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» № 6 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 6 мамырда № 3532 болып тіркелген, 2013 жылы 9 мамырда «Тереңкөл тынысы», «Заря» № 19 газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

    3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    Байқоныс ауылдық округі әкімінің м.а.

    Қ. Махадилова

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.