2016 жылға арналған субсидия алушылар тізіміне енгізуге өтінімдерді ұсынудың мерзімдерін белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 8 қыркүйек 2016 ж.

    2016 жылға арналған субсидия алушылар тізіміне енгізуге өтінімдерді ұсынудың мерзімдерін белгілеу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы №4-3/177 бұйрығымен бекітілген, Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының 10–тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11094 тіркелген), Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2016 жылға арналған ауыл шаруашылығы дақылдарының басым субсидияланатын әрбір түрі бойынша басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін тізімге қосу үшін ұсыну мерзімдері айқындалсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға таралады.

    Аудан әкімі

    А. Шәмшиев

    Әкімдіктің

    2016 жылғы «8» қыркүйектегі

    № 226 қаулысына қосымша

    2016 жылға арналған ауыл шаруашылығы дақылдарының басым субсидияланатын әрбір түрі бойынша субсидиялар алуға өтініш білдірушілердің тізіміне қосуға ұсыну мерзімдері

    Cуб­си­ди­я­ла­на­тын ба­сым ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы да­қыл­да­ры­ның ата­уы
    Өті­нім­ді ұсы­ну мер­зім­де­рі
    1
    Жа­з­дық жұм­сақ би­дай
    Күз­дік би­дай
    1 қыр­күй­ек­тен ба­стап
    6 қыр­күй­ек­ке дей­ін
    2
    Жа­з­дық қат­ты би­дай
    1 қыр­күй­ек­тен ба­стап
    6 қыр­күй­ек­ке дей­ін
    3
    Сұ­лы
    Ар­па
    Та­ры
    Қа­ра­құ­мық
    1 қыр­күй­ек­тен ба­стап
    6 қыр­күй­ек­ке дей­ін
    4
    Күз­дік қа­ра би­дай
    1 қыр­күй­ек­тен ба­стап
    6 қыр­күй­ек­ке дей­ін
    5
    Бұр­шақ
    Аң­қа
    Жа­сы­мық
    1 қыр­күй­ек­тен ба­стап
    6 қыр­күй­ек­ке дей­ін
    6
    Күн­ба­ғыс
    1 қыр­күй­ек­тен ба­стап
    6 қыр­күй­ек­ке дей­ін
    7
    Рапс
    1 қыр­күй­ек­тен ба­стап
    6 қыр­күй­ек­ке дей­ін
    8
    Зығ­ыр
    1 қыр­күй­ек­тен ба­стап
    6 қыр­күй­ек­ке дей­ін
    9
    Мақ­са­ры
    1 қыр­күй­ек­тен ба­стап
    6 қыр­күй­ек­ке дей­ін
    10
    Кар­топ
    1 қыр­күй­ек­тен ба­стап
    6 қыр­күй­ек­ке дей­ін
    11
    Кө­көнiстер
    1 қыр­күй­ек­тен ба­стап
    6 қыр­күй­ек­ке дей­ін
    12
    Бақ­ша да­қыл­да­ры
    1 қыр­күй­ек­тен ба­стап
    6 қыр­күй­ек­ке дей­ін
    13
    Сүр­лем­дік жү­ге­рі мен күн­ба­ғыс
    1 қыр­күй­ек­тен ба­стап
    6 қыр­күй­ек­ке дей­ін
    14
    Сүр­лем­дік жү­ге­рі
    1 қыр­күй­ек­тен ба­стап
    6 қыр­күй­ек­ке дей­ін
    15
    Жем­шөп­тік да­қыл­дар, оның ішін­де бі­рін­ші, екін­ші және үшін­ші өсу жыл­да­рын­да­ғы бұр­шақ тұқым­дас кө­п­жыл­дық шө­птер
    1 қыр­күй­ек­тен ба­стап
    6 қыр­күй­ек­ке дей­ін
    16
    Ша­бын­дық және (неме­се) жай­ы­лым­дық ал­қап­тар­ды шөп егіп жа­ңар­ту және (неме­се түп­кі­лік­ті жақ­сар­ту) үшін бі­рін­ші, екін­ші және үшін­ші жыл­да­ры өсіп жа­тқан көп жыл­дық шө­птер
    1 қыр­күй­ек­тен ба­стап
    6 қыр­күй­ек­ке дей­ін

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.