Әкімдіктің 2015 жылғы 02 маусымдағы № 184 "Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Әкімдіктің 2015 жылғы 02 маусымдағы № 184 «Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1174 «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Лисаков қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 02 маусымдағы № 184 «Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5680 болып тіркелген, 2015 жылы 16 шілдеде «Лисаковская новь» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    қазақ тіліндегі атауы жаңа редакцияда жазылсын:

    «Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарды айқындау туралы», орыс тіліндегі атауы өзгермейді;

    жоғарыда көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н.Н. Конкабаевқа жүктелсін.

    3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қала әкімі

    А. Исмағұлов

    Әкімдіктің

    2016 жылғы 20 қыркүйек

    № 429 қаулысына

    қосымша

    Әкімдіктің

    2015 жылғы 02 маусымдағы

    № 184 қаулысына

    қосымша

    Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар

    р/с
    Өлшемшарттардың атауы
    Иеліктен айыру түрлері
    1
    Жекешелендіру объектісін әрі қарай бақылауға мемлекеттің мүддесінің болмауы;
    заңнамамен белгіленген мерзімдерде жекешелендіру объектісін сатудан бюджетке ақшалай қаражатты алу қажеттілігі;
    ең жоғары ықтимал баға бойынша жекешелендіру объектісін сату және саудаға қатысушылардың кең тобын тарту қажеттілігі;
    мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды оларды әрі қарай бақылауға мемлекеттің мүддесі болмаған кезде сату.
    Сауданы аукцион нысанында өткізу
    2
    Заңнамамен белгіленген мерзімдерде жекешелендіру объектісін сатудан бюджетке ақшалай қаражатты алу қажеттілігі;
    сату шарттарын белгілеу жолымен белгілі бір уақыт ішінде жекешелендіру объектісін мемлекеттің бақылауында сақтау қажеттілігі;
    ең жоғары ықтимал баға бойынша жекешелендіру объектісін сату қажеттілігі;
    сату шарттарын белгілеу жолымен белгілі бір уақыт ішінде жекешелендіру объектісін мемлекеттің бақылауында сақтау қажеттілігі болған жағдайда мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды сату.
    Сауданы тендер нысанында өткізу
    3
    Сенімгерлік басқарудың, сенімгер басқарушымен, жалға алушымен (жалдаушымен) кейін сатып алу құқығымен мүліктік жалға (жалдауға) беру шартының талаптарын орындау үшін мемлекеттің бақылауын белгілі бір уақыт ішінде сақтау қажеттілігі.
    Тікелей атаулы сату

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.