Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша субсидия алуға өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 21 қыркүйек 2016 ж.

    Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша субсидия алуға өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23қаңтардағы Заңына және «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11094 болып тіркелген) Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiкшаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларына сәйкес Жуалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тiзiмiне қосу үшін субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша өтінімдерді ұсыну мерзімдері айқындалсын.

    2. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;

    3) осы қаулының Жуалы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

    4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Әбдікерім Құлтайұлы Уркумбаевқа жүктелсін.

    4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімінің міндетін атқарушы

    Ә. Уркумбаев

    Жуалы ауданы әкімдігінің

    2016 жылғы 21 қыркүйектегі

    № 222 қаулысына қосымша

    Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тiзiмiне қосу үшін субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша өтінімдерді ұсыну мерзімдері

    Басым ауыл шаруашылығы дақылдары
    Өтінімді ұсыну мерзімдерінің басталуы
    Өтінімді ұсыну мерзімдерінің аяқталуы
    1.
    Қант қызылшасы 1 гектарға
    2016 жыл 20 қыркүйек
    2016 жыл 20 қазан
    2.
    Қант қызылшасы 1 тоннаға
    2016 жыл 20 қазан
    2016 жыл 20 қараша
    3.
    Қорғалған топырақтағы көкөніс (фермерлік үлгідегі жылыжай)
    2016 жыл 20 қазан
    2016 жыл 20 қараша
    4.
    Қорғалған топырақтағы көкөніс (өнеркәсіптік үлгідегі жылыжай)
    2016 жыл 20 қазан
    2016 жыл 20 қараша
    5.
    Қант қызылшасы 1 гектарға, ашық топырақта өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі спринклерлік суару жүйелерін қолдану арқылы
    2016 жыл 20 қыркүйек
    2016 жыл 20 қараша
    6.
    Қант қызылшасы 1 тоннаға, тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі жаңбырлатып суару жүйелерін қолдану арқылы
    2016 жыл 20 қыркүйек
    2016 жыл 20 қараша
    7.
    Майлы дақылдар
    2016 жыл 20 қыркүйек
    2016 жыл 20 қараша
    8.
    Дәндік жүгері, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін және өнеркәсіптік үлгідегі спринклерлік суару жүйелерін қолдану арқылы
    2016 жыл 20 қыркүйек
    2016 жыл 20 қараша
    9.
    Дәндік жүгері
    2016 жыл 20 қыркүйек
    2016 жыл 20 қараша
    10.
    Көпжылдық шөп (таза егіс)
    2016 жыл 20 қыркүйек
    2016 жыл 20 қараша
    11.
    2, 3 жылғы көпжылдық шөп
    2016 жыл 20 қыркүйек
    2016 жыл 20 қараша
    12.
    Көп жылдық шөп, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі спринклерлік суару жүйелерін қолдану арқылы
    2016 жыл 20 қыркүйек
    2016 жыл 20 қараша
    13.
    Сүрлемдік жүгері
    2016 жыл 20 қыркүйек
    2016 жыл 20 қараша
    14.
    Картоп
    2016 жыл 20 қыркүйек
    2016 жыл 20 қараша
    15.
    Сүрлемдік жүгері, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі спринклерлік суару жүйелерін қолдану арқылы
    2016 жыл 20 қыркүйек
    2016 жыл 20 қараша

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.