Жуалы ауданында 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37-баптарына және «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Жуалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жуалы ауданында 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жуалы ауданы әкімінің орынбасары Айбар Күнтуұлы Әділбақовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы
А. Уркумбаев
Жуалы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы "06" қыркүйектегі № 216 қаулысына қосымша
Жуалы ауданында 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы
|
Атауы
|
Мемлекеттік білім беру тапсырысы, (орын) оның ішінде қаржыландырылатын
|
Бір айға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері, (теңге) оның ішінде қаржыландырылатын
|
Бір айға ата-ананың ақы төлеу мөлшері (теңге)
|
||
|
республикалық нысаналы трансферттер есебінен (орын)
|
жергілікті бюджет есебінен (орын)
|
республикалық нысаналы трансферттер есебінен (теңге)
|
жергілікті бюджет есебінен (теңге)
|
||
|
Мектепке дейінгі мемлекеттік ұйымдар
|
|||||
|
оның ішінде:
|
|
|
|
|
|
|
Шағын орталықтар
|
50
|
0
|
13728
|
0
|
0
|
|
Балабақшалар
|
1160
|
915
|
25470
|
26953
|
4830
|
|
Мектепке дейінгі жеке меншік ұйымдар
|
|||||
|
«Еркемай» балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
|
20
|
0
|
0
|
16318
|
6000
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.