Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялардың нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының 5-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі және басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялардың нормалары (1 гектар және (немесе) 1 тоннаға) бекітілсін.
2. Қалалар мен аудандар әкімдері субсидиялардың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етсін.
3. «Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Қ. Қасеновқа жүктелсiн.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі
Б. Бақауов
Павлодар облысы әкімдігінің
2016 жылғы 11 қазандағы
309/7 қаулысына қосымша
2016 жылға арналған Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі және басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялардың нормалары (1 гектар және (немесе) 1 тоннаға)
|
Р/с №
|
Басымды дақылдардың тізбесі
|
1 гектарға бюджеттік субсидиялардың нормалары, теңге
|
|
1.
|
Бидай
|
500
|
|
2.
|
Дәнбұршақ дақылдары
|
3000
|
|
3.
|
Арпа
|
2000
|
|
4.
|
Сұлы
|
2000
|
|
5.
|
Қарақұмық
|
3000
|
|
6.
|
Тары
|
2500
|
|
7.
|
Күздік қарабидай
|
2000
|
|
8.
|
Бір жылдық шөптер
|
2500
|
|
9.
|
Бірінші, екінші және үшінші өсу жылдарындағы көп жылдық бұршақ тұқымдас шөптер
|
800
|
|
10.
|
Ағымдағы жылғы егістің көп жылдық шөптері
|
2000
|
|
11.
|
Сүрлемдік жүгері
|
10000
|
|
12.
|
Күнбағыс
|
2350
|
|
13.
|
Рапс
|
2500
|
|
14.
|
Зығыр
|
2500
|
|
15.
|
Көкөністер
|
6000
|
|
16.
|
Бақша дақылдары
|
6000
|
|
17.
|
Тамшылатып суармалау жағдайындағы бірінші жылғы картоп, көкөністер және бақша дақылдары және жүгері
|
75000
|
|
18.
|
Тамшылатып суармалау жағдайындағы екінші және одан да көп жылғы картоп, көкөністер, бақша дақылдары және жүгері
|
45000
|
|
19.
|
Өнеркәсіптік үлгідегі жылыжайлардың қорғалған топырақ жағдайындағы көкөністері (1 дақыл айналымы)
|
1500000
|
|
20.
|
Қарапайым үлгідегі жылыжайлардың қорғалған топырақ жағдайындағы көкөністері (1 дақыл айналымы)
|
400000
|
|
21.
|
Картоп
|
3000
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.