«Қазалы ауданы жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Қазалы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 15 шілдедегі №181 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазалы ауданы жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Қазалы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 15 шілдедегі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5104 санымен 2015 жылы 18 тамызда тіркелген) №181 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазалы ауданы әкімі аппаратының басшысы А.Қаржаубаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
АУДАН ӘКІМІ
Н. ШАМҰРАТОВ
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.