Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48 бабы және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына сәйкес, Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының аумағында қалыптасқан жағдайға байланысты, елді мекендердің өмірлік қызметін қамтамасыз ету мақсатында, Қарғалы ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

    2. Төтенше жағдайларды жою басшысы болып Қарғалы ауданы әкімінің орынбасары Қ. Ізтілеу тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

    3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қарғалы ауданының әкімі

    Р. Сыдықов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.