Панфилов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қыркүйектегі «Панфилов ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» №782 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 8 тармағы және « Құқықтық актілер туралы » 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Панфилов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Панфилов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қыркүйектегі «Панфилов ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ережесін бекіту туралы» ( нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміндегі 2015 жылдың 22 қазанында № 3493 тіркелген, аудандық «Жаркент өңірі» газетінде 2015 жылдың 5 қарашасында № 46 (8784) жарияланған) № 782 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Асқар Жұмақанұлы Садықовқа жүктелсін.
Аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы
Ш.Курбанов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.