Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша субсидия алуға өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша субсидия алуға өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы №4-3/177 бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тiзiмiне қосу үшін субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша өтінімдерді ұсыну мерзімдері айқындалсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Көкей Олжас Тұрғынұлына жүктелсін.

    3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    Б.Жайлыбаев

    Сарысу ауданы әкімдігінің

    2016 жылғы 27 қыркүйектегі

    №186 қаулысына қосымша

    Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тiзiмiне қосу үшін субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша өтінімдерді ұсыну мерзімдері

    Басым ауыл шаруашылығы дақылдары
    Өтінімді ұсыну мерзімдерінің басталуы
    Өтінімді ұсыну мерзімдерінің аяқталуы
    1
    Майлы дақылдар (мақсары)
    30.09.2016 жыл
    20.10.2016 жыл
    2
    Дәндік жүгері, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін және өнеркәсіптік үлгідегі спринклерлік суару жүйелерін қолдану арқылы
    30.09.2016 жыл
    20.10.2016 жыл
    3
    Дәндік жүгері
    30.09.2016 жыл
    20.10.2016 жыл
    4
    Көпжылдық шөп (таза егіс)
    30.09.2016 жыл
    20.10.2016 жыл
    5
    2, 3 жылғы көпжылдық шөп
    30.09.2016 жыл
    20.10.2016 жыл
    6
    Картоп
    30.09.2016 жыл
    20.10.2016 жыл

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.