Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Кодексіне, « Халықты жұмыспен қамту туралы » Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Жаңақорған ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 2016 жылға жұмыс орындары санының екі пайызы мөлшерiнде:
1) мүгедектер үшін;
2) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін;
3) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін;
4) кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтар үшін жұмысқа орналастыру квоталары белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жаңақорған ауданының әкімі
Ғ.Әміреев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.